Елордада Таңсық Мәжитованың «Адам. Уақыт. Дәуір» атты жеке көрмесі өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елордада Таңсық Мәжитованың «Адам. Уақыт. Дәуір» атты жеке көрмесі өтеді

Елордада Таңсық Мәжитованың «Адам. Уақыт. Дәуір» атты жеке көрмесі өтеді

17 маусымда ҚР Президенттік мәдениет орталығының көрме залында суретші Таңсық Мәжитованың «Адам. Уақыт. Дәуір» атты жеке көрмесі ашылады.

  • 14 Маусым 2011
  • 442
Фото - Caravan.kz

Таңсық Мәжитова — Тәуелсіз Қазақстанның қазіргі заманғы өнерінің жарқын өкілдерінің бірі. 1967 жылдың 4 қаңтарында Торғай облысы, Арқалық қаласында дүниеге келген. Оның шығармашылық болмысы өзінің замандас әріптестерінен ерекшеленіп көзге түседі.

«Адам. Уақыт. Дәуір» жобасы ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арнайы жасалып отыр. Белгілі тұлғаларды бейнелейтін көрмені портреттер галереясы десе де болғандай. Екі жылдан астам уақыт ішінде суретші адам мен ол өмір сүрген белгілі бір кезеңді байланыстыратын құбылыстарды барынша ашып көрсетуге тырысады. Адам — табиғат пен ел өміріне қалай әсер етсе, олар да адам жанына дәл солай әсер ететінін көркем туындылары арқылы сенімді түрде баяндайды. Суретші жасаған кейіпкерлер бейнесінен де осыны аңғарасыз. Ол кейіпкер бейнесін сомдамас бұрын, алдымен оның өмірбаянымен танысып, ол жайлы жазылған кітаптарды оқып, спектакльдер мен кинофильмдерді көріп мұқият зерттеп алады, нәтижесінде кейіпкер мінез-құлқының барша қасиетін көзбен көріп, сезінуге тамаша мүмкіндік береді.

Портреттерде суретші темпераменті ерекше көрініс береді: яғни, бояуды қысқа кең немесе ұзын серпінмен жағу арқылы ол адам басының көлемі және бетінің пластикасын нақты, шебер суреттейді. Композициясы қашанда қарапайым болғандықтан оны түсіну аса қиынға соқпайды. Өмірдегі әрбір көріністі нәзік сезінетін, мінез-құлықтың тіпті адамның өзі сезіп-біле бермейтін ерекшеліктерін де аша білетін суретші — шынайы дарын иесі.

Көрмеге қойылатын туындылары да шынайы бейнелер мен образдар. Оларда адамнан өз мүмкіндіктері мен дарынын толық жүзеге асыруды талап ететін — біздің уақытымыздың қарқынды өзгерістері анық бейнеленеді.

Бұл портреттер галереясы мыңжылдық басындағы Қазақстанның өлшеусіз рухани байлығын, жарқын болашаққа деген ұмтылысы мен сенімін көз алдыңызға әкеледі.

Көрмеге 30-дан аса жұмыс қойылады. Онда майлы бояумен салынған КСРО Халық әртістері Б. Төлегенова, А. Әшімовтердің, академик С. Зиманов, ғарышкер, Халық қаһарманы Т. Әубәкіров және т.б. мемлекет қайраткерлері мен спорт шеберлерінің суреттері көрсетіледі.

Соңғы жаңалықтар