"Енді жылатпашы": Бірінші некесі сәтсіз болған Айжұлдыз Адайбекова елге алғаш рет сүйіктісін көрсетті - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Енді жылатпашы": Бірінші некесі сәтсіз болған Айжұлдыз Адайбекова елге алғаш рет сүйіктісін көрсетті

"Енді жылатпашы": Бірінші некесі сәтсіз болған Айжұлдыз Адайбекова елге алғаш рет сүйіктісін көрсетті

Белгілі блогер, актриса, Жанар Айжанованың қызы Айжұлдыз Адайбекова елге алғаш рет сүйіктісін көрсетті.

  • 11 Маусым
  • 446
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол желідегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Айжұлдыз Адайбекованың таңдауы бұл жолы танымал блогер Сәкен Қағаровқа түскен. Жұлдызды жұп желіде шетелде бірге демалған суреттерімен бөлісіп, елді таң қалдырды.

Желі қолданушылары жас жұпқа бақыт тілеген. Олар: «Қандай әдемі жұп, бақытты болыңыздар», «Жарасымды жұп», «Айжұлдызды енді жыламасаншы, бақытқа әбден лайық», «Бақытты отбасы болуларыңа тілектеспіз», — деген пікірлерін жаудырып жатыр.

Айта кетейік, Айжұлдыз Адайбекованың Қыран Талапбекпен алғашқы некесі сәтсіз аяқталып, қос жұп ажырасып кеткен болатын. Актрисаның танымал мобилографтан бір баласы бар.