"Енесіне қарағанда өте сауатты, мәдениетті, Гүлзира Қайраттың ақшасы деп тәлпіштенеді": Халық қиын жағдайда қалған Жұлдыз Әбдікәрімова туралы - kaz.caravan.kz
  • $ 498.75
  • 523.09
-9 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Енесіне қарағанда өте сауатты, мәдениетті, Гүлзира Қайраттың ақшасы деп тәлпіштенеді": Халық қиын жағдайда қалған Жұлдыз Әбдікәрімова туралы

"Енесіне қарағанда өте сауатты, мәдениетті, Гүлзира Қайраттың ақшасы деп тәлпіштенеді": Халық қиын жағдайда қалған Жұлдыз Әбдікәрімова туралы

Танымал актриса, Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз Әбдікәрімова мен оған қиын сәтте көмектеспеген енесі мен күйеуі туралы дау таусылар емес.

  • 3 Ақпан
  • 24
Instagram/Гүлзира Айдарбекова

Халық Гүлзира Айдарбекованың тым болмаса немерелері үшін көмектеспегені үшін оны сөгіп тастады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Естеріңізде болса, бұған дейін Жұлдыз Әбдікәрімова аляқтарға алданғанын айтып, Динара Сәтжанға сұхбат берген еді. Онда актриса өзінің алаяқтарға алдатынын білмегендігін әрі оларға сенгендігін айтты.

Бұған қоса актрисаға Айгүл Мүкей, Дана Нұржігіт сынды еліміздің бірқатар танымал журналистері қолдау көрсетіп, желіде арнайы жазба қалдырған болатын. Дана Нұржігіт сіңлісіне сенетінін әрі әділдік жолында белді бекем бууға тура келетінін атап өткен. Сонымен бірге, қиын сәтте күйеуі Қайрат Нұртастың жанынан табылатынына сенім білдірген.

Бүгінгде Жұлдыз Әбдікәрімова сотта жеңілгенімен, істі ҚР Бас прокуратурасына жібергенін мәлімдеді. Динара Сәтжанға берген сұхбатында ол қанша шаршағанымен әділдікке сенетінін жеткізген.

Көпшілік Әбдікәрімованың бұл сұхбатына ризашылық білдіріп, оның енесінен әлдеқайда сауатты екенін жарыса жазуда.