"Қайратқа тіреліп тұрған ештеңе жоқ": Гүлзира Айдарбекова тасқын кезінде тойдың гонорарын түсір дегендерге жауап берді - kaz.caravan.kz
  • $ 441.44
  • 473.09
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
30 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қайратқа тіреліп тұрған ештеңе жоқ": Гүлзира Айдарбекова тасқын кезінде тойдың гонорарын түсір дегендерге жауап берді

"Қайратқа тіреліп тұрған ештеңе жоқ": Гүлзира Айдарбекова тасқын кезінде тойдың гонорарын түсір дегендерге жауап берді

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова тасқын су кезінде тойдың гонорарын түсір дегендерге жауап берді.

  • 16 Сәуiр
  • 286
Фото - Caravan.kz

Ол тойға өнер иелерін шақыратын халықтың өзі деп наразылығын білдірді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Айта кетерлігі, еліміздің эстрада жұлдыздары тасқын судан зардап шеккен аймақтарға аттанған еді. Олардың арасында белгілі продюсер Гүлзира Айдарбекова да бар. Бұл туралы ол желідегі парақшасында мәлімдеді.

«Санаулы күндері қалған жерлерді су алып кету қаупі бар деп, Атырау айналасы ауыл-аймақ бәрі дайындық үстінде. Үйге қайта ораламыз ба жоқ па деген уайымымыз да болды, бірақ халыққа үндеу жасап, 15 не сіздермен ақылдаса отырып, жиналған ақшамвзға керекті заттарды алып келіп, өз көзімізбен көріп, қолдан келген көмегімізді беріп кетеміз деп, уәде берген болатынбыз. Не де болса “Көппен көрген ұлы той” деп жолға шығып кеттік. Әдейілеп шеттегі ауылдарға да арнайы соға кеттік. Ешқандай көмек берілмей, ауыл адамдары жиналып ортаға киіз үй тігіп ортақ ас ішіп, күн-түн демей 24 тәулік бойына , жұмыла қапшық толы топырақпен айналаны қоршап жатыр, тіптен оқушылар да.Құрметті оқырмандар, менің түсінгенім, ауыл-ауылды жинап, көздерінше ақшалай берген дұрыс екен. Керосинге дейін өздері сатып алып, тракторлар жалдап, қапшық, күрек жетпей қиналуда. Болжам бойынша 19 нан бастап су алып кететін, тіптен көшейін десе жер жоқ, көшіңдер дегенмен, көшіріп жатқан ешкім жоқ, ақшалары онда жоқ, сайдағы кішкентай ғана ауылдардың тұрғындарында ес жоқ. Ол жерлердің толық суға кететіндеріне көздері жетіп отыр. Телефондарын алып алдым, көмек қолын созамын деушілер болса тікелей хабарласып, көздеріңізбен көре аласыздар. Қоймаға жеткізілген қаншама дүниелерден бір жүк көлік те келмеген, бұл жақтарға бөлінбеген. Біз қай өңір не сұрады, қолымыздан келгенше резеңке етіктен бастап, носки іш, киімдерге дейін, тіптен фонариктермен, суға киетін киімдерге дейін алып келдік, барған жерлерімізге дастархан жайып, ас беруге де қаржылай ақша бөлдік, Алла берекесін берсін!. Ал жылжымалы үйлерді Атырау, Ақтөбе, Орал, Ақтөбенің Ойыл ауданына түгел жеткіземіз деп сатып алып кеттік, енді жүк көліктерін барлық аймақтарға іздеу үстіндеміз», — деп жазды ол.

Сондай-ақ, ол оқырмандардың бірінің енді «тойдың гонорарын арзандатыңыздар» деген сауалына да жауап берді.

«Сен шақырмасаң, тойыңа барып отырып алмайды. Қалаған адам шақырады, қаламаған адам , тойында өзі айта салады, не өзгені шақыруына да болады. Қайратқа тіреліп тұрған ештеңе жоқ. Дауысы күшті әлі танылмаған әншілер көп, өзіне жарнама үшін кіріп те береді қаласаңыз», — деп түсіндірді ол.

Соңғы жаңалықтар