"Келін көргенін істейді": Айгүл Иманбаева енелерге үндеу жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 487.37
  • 532.94
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
13 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Келін көргенін істейді": Айгүл Иманбаева енелерге үндеу жасады

"Келін көргенін істейді": Айгүл Иманбаева енелерге үндеу жасады

ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Айгүл Иманбаева келінге күн бермейтін енелерді сынады.

  • 28 Тамыз
  • 21
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Өнер иесі келін түсіріп, немерелі болғанын сүйіншілеген еді. 

“Мен сахнада бетімді бояп, жылтырап, әнін салып, той-томалағына барып, сүтке шомылып жүр деп ойламаңыздар. Өнерімізбен қоса менің енелік жолым, әжелік жолым бір бөлек. Күнде қасында отырып, бесік жырын айтып отырмын деп айта алмаймын. Өйткені менің ұстаздығым, өнерім, басшылығым бөлек. Бір басымда 1040 жұмысым бар. Соған байланысты қасында күнде отырамын деп айта алмаймын. Дегенмен де үйге келгенде немеренің иісін сезіну, қылығының тәттілігін көру бір бөлек. Сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес», – деді өнер иесі. 

Сондай-ақ эстрада жұлдызы келін мен ене тақырыбын қозғап, үндеу жасады. 

“Ең бақытты сәт осы емес пе?! Әр анаға әже бақыты бұйырсын. Келін тәрбиелеймін, немере тәрбиелеймін деп алыспағандарыңыз жөн. Өзіңді тәрбиелеңіз. Келін сол көргенді істейді. Немере де сондай. Жүрегіңде жылулық болса, түйген ойың болса соны немере де бойына сіңіреді. Бар болғаны махаббатыңызды аямай беру керек», – деді эстрада жұлдызы.