KeshYou-дегі Ақботаның жүрегін жаулаған жігіт кім? - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
KeshYou-дегі Ақботаның жүрегін жаулаған жігіт кім?

KeshYou-дегі Ақботаның жүрегін жаулаған жігіт кім?

Желі қолданушылары KeshYou әншісі Ақбота Сейітмағамбет пен “Алау” тобының әншісі Хамит Сатаев көңіл қосты деп болжады. Бұған екеуінің жуырда желіге жүктеген суреттері себеп болды.

  • 23 Қыркүйек 2016
  • 3963
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Stan.kz сайты хабарлайды.

Бірнеше күн бұрын “Алау” тобының әншісі Хамит Сатаев өзінің инстаграм парақшасына Ақбота Сейітмағамбетпен бірге түскен суретін жүктеді. Аталған суретте бір қарағанда ғашықтар отырғандай көрінеді. Себебі, Хамит Ақботаның қолынан сүйіп отыр. Десе де, желі қолданушылары өз көздеріне өздері сенбей әлек болып жатыр. Олар Ақботамен “Алау” тобының тағы бір әншісі Ержан Мұқатаевтың көбірек жарасатындығын айтуда.

Осы уақытқа дейін Ақбота мен Ержан өздерінің инстаграм парақшасына бірге түскен суреттерін жиі салатын. Кейбірінен олардың арасында ерекше байланыс барын байқауға болады. Мұны жұрт та айтып жүрген-ді.

Енді олар Ақбота Сейітмағамбет Хамит Сатаевпен көңіл жарастырып жүр деп болжады. Арасында жоғарыдағы суретті әзілге балағандар да болды.

“Екеуі жүріп жүрген болса, мұндай сурет салмайтын еді. Әдетте жұлдыздар өздері жүріп жүрген қыздарын жасырады”, “Ержанның жүрегі ауыратын болды. Хамит не істедің сен?!”, “Алтындарым бақытты болыңдар”, “Екеуі де қоңырат емес пе? Неменеге күйіп-пісіп жатырсыңдар?”, “Жай ғана сурет екені көзқарастарыңыздан-ақ білініп тұр. Араларыңызда ешнәрсе жоқ және болмай-ақ та қойсын. Ақбота мен Ержан жақсы жарасады”, “Бар болғаны біздің реакциямызды көргілері келген шығар. Сіздердің кездеспейтіндеріңізді біз жақсы білеміз”, “Ақбота мен Ержан – әлемдегі ең сұлу жұп” дейді желі қолданушылары.


Соңғы жаңалықтар