Күйеуім қит етсе, өлем деп қорқытады. Не істесем екен? - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+3 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Күйеуім қит етсе, өлем деп қорқытады. Не істесем екен?

Күйеуім қит етсе, өлем деп қорқытады. Не істесем екен?

Сәлеметсіздер ме!

  • 27 Ақпан 2019
  • 162
Фото - Caravan.kz

Мен басымдағы жағдайды қалай жеткізетінімді білмеймін.  Бірнеше жыл өз ішімде сақтап келдім. Қысқасы, тұрмыстамын, үйленгенімізге  2 жыл ғана болды, 1 жасар қызымыз бар.

Күйеуім суицидке жақын, өзі жалқаулау. Отбасын құрған жылы өзіміз бөлек басқа қалада тұрғанбыз. Күйеуімнің жұмысы дұрыс болмай,  кредит пен қарызға батып, алтындарымды ломбартқа өткіздім. Ол кезде мен магистратурада ақылы оқитынмын. Сол кезде күйеуім қиындыққа шыдамай, өлем деп шықты. Әрең дегенде Алматыдағы өз ата-анамның үйіне көшіп келуге, уақытша тұруға көндірдім.

Қалаға келген соң жұмыс істей ме десем, істегісі жоқ. Өзінің мамандығы аспаз, бірақ істегісі келмейді, әр жұмыстың басын бір шалып жүр. Ата-анам: "әзірге бір-ақ балаларың бар кезде ажырас, ертең бірдеңеге ұшырап қалса, әке-шешесі сені қарғайды" дейді. 

Жақында тағы ұрсысып қалдық, ажырасайық дедім, бірақ ол "ажыраспаймын, одан да өле саламын, сен не істесең, оны істе" дейді. 


Көзімше екі рет суицид бола жаздаған, қатты қорқамын, қалай айтып, арекет ететінімді білмеймін.

Анасынан ақыл сұрағам, ол кісінің айтуынша, баласы кішкентай кезінде де, 8 сыныпта үйден қашып қорада асылмақшы болған екен. Кейіннен оқу орнында да оқып жүргенде анасымен ұрсысқанында сондай әрекетке жүгіріпті. 

Соңғы жаңалықтар