Мейрамбек Бесбаев: “Жарнама ақшаның көзі. Пайда тауып, салық төлеймін, шын мұқтажға көмек беремін” - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мейрамбек Бесбаев: “Жарнама ақшаның көзі. Пайда тауып, салық төлеймін, шын мұқтажға көмек беремін”

Мейрамбек Бесбаев: “Жарнама ақшаның көзі. Пайда тауып, салық төлеймін, шын мұқтажға көмек беремін”

Әнші Мейрамбек Бесбаев жарнама арқылы ақша тауып, шын мұқтажға көмектесетінін жеткізді.

  • 27 Шiлде 2021
  • 1542
Фото - Caravan.kz

Ол бұл туралы Instagram әлеуметтік желісінде жазба жариялады,-деп хабарлайды Caravan.kz порталы.

Қадірлі ағайын, біраз уақыттан бері менің парақшамда @ffinsurance компаниясының жарнамасы пайда болды. Әркім әртүрлі пікір айтуда.

Жарнама жасар алдында мен міндетті түрде ешкімге зияны тимейтініне көз жеткіземін.
Шындығында бұл сақтандыру компаниясының ешқандай зияны жоқ.

Ұнамай қалса артық сөз жазбай жай ғана өткізіп жібересіз. Көңіл қымбат екенін ұмытпаңыз.

Ал, сізге пайдасы тиіп жатса қуаныштымын. @ffinsurance компаниясымен келісімшартқа отырдым, енді біраз уақытқа дейін жарнамалайтын боламын. Жарнама ақшаның көзі. Ағайын-туысқа, кейде шын мұқтаж жандарға көмек қолын созу үшін де ақша керек. Осы жарнама арқылы пайда тауып, салығын төлеп отырғаным да рас. Түсіністікпен қарарсыздар.

Алла қаласа әндер және шығармашылықтағы тың жаңалықтарыммен бөлісемін. Ал әзірге жарнама.”- деп жазба қалдырды.

Мұны оқыған желі қолданушылары:

Дұрыс Мәке қазір өмір сүру керек”,”Сіз айтсаңыз сенуге болатын шығар”,”Жарнама деп ашық жазып қойыпсыз ғой”,”Жарнамамен күн көреміз десеңізші”,— деп пікір жазды.
Ал, айтыскер ақын Балғынбек Имаш:

Мәке, сен айтпайсың, айтсаң дұрысын айтасың. Сен айтсаң сенімді. Жарнамаң дұрыс-ақ, тек вакцинаны жарнамаламасаң болды”,-деп пікір қалдырды.
Көпшілік ақынның сөзіне лүпіл басып, онымен келісетіндігін жазды.

 

Соңғы жаңалықтар