“Мен кеткен соң 1 жылдан кейін-ақ бағдарлама жабылды” Нұрлан Қоянбаевтың Түнгі студиядан кету себебі... - kaz.caravan.kz
  • $ 439.43
  • 473.31
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
8 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Мен кеткен соң 1 жылдан кейін-ақ бағдарлама жабылды” Нұрлан Қоянбаевтың Түнгі студиядан кету себебі...

“Мен кеткен соң 1 жылдан кейін-ақ бағдарлама жабылды” Нұрлан Қоянбаевтың Түнгі студиядан кету себебі...

Жақында Түркиядан  оралған продюсер Нұрлан Қоянбаев Нартай Аралбайұлына сұхбат берді.

  • 19 Мамыр 2021
  • 106
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz порталы хабарлайды.

"Түнгі Студия" бағдарламасының авторы, продюсері Нұрлан Қоянбаев өзі ашқан бағдарламаның қонағы болу арман екенін айтты.

Дегенмен қазіргі таңда ғұмыры біткен бағдарлама Ұлтық арнада бұрынғыдай жарқырап шықпайды.

Нұрлан Қоянбаев: 

"Мен Түнгі студия бағдарламасын шетелдерде көп зерттедім. Ұлттық арнаның бамшылығына рахмет айтамын. Маған продюсер болуға мүмкіндік бергені үшін. Себебі бағдарлама декорациясына өте көп еңбек кетті, әрбір бөлігіне көңіл бөліп, шетелден есік алдырып барлығын жоғары деңгейде жасадық. Ол декорацияға көп қаржы кетті. Менің өз үйім сияқты болып қалған еді. Қатты бауыр басып қалған едім.

Бірақ белгілі бір себептермен жалпы телевидениеден кетуге бел будым. "Түнгі Студия" бағдарламасынан кеткенде осы жерге қонақ боп келу арманым деп кеткен болатынмын. Кейіннен Қайрат Әділгерей келді. Өзім сыйлаймын, жақсы көрем. Ол да әзілге жақын жақсы жігіт. Мені Қайрат шақырды негізі. Бірақ менде ол кезде шығармашылық депрессия болды. Мен ол жерге қонақ болып бара алмаймын, маған ауыр тиеді. Өйткені ол жердің әрбір бөлігін өзім жасадым. Өз үйіме өзім қонаққа барғандай күй кешіп, ауыр тиетінін айттым. Енді сол сәттерде шынымен солай болды. Қазір шақырса барар едім ойланбай. Бірақ бағдардама жабылып қалған ғой. Мен кеткеннен соң, бір жылдан кейін-ақ жабылды ғой. Бірақ мен декорацияны қатты уайымдадым (күліп). Ана жерде қаншама еңбек, қаншама қаржы ғой. Соның бәрін таптаған шығар деп ойлап қоямын.


 

 

Соңғы жаңалықтар