Жарияланды: 12400

Мөлдір Әуелбекова азан шақырып қойған атын өзгертті

Мөлдір Әуелбекова азан шақырып қойған атын өзгертті Сурет - Caravan.kz

Жақында ғана екінші рет тұрмысқа шыққан Мөлдір Әуелбекова есімін өзгертті.

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.

Мөлдір Әуелбекованың Айша болып өзгергені туралы өзінің әріптесі Мұхтар Ханзада ең бірінші болып инстаграм желісінде хабарлаған болатын.

"Мөлдір жеңге, Айша есіміңіз құтты болсын. Ағам екеуіңіз бақытты болыңыздар" - деп жазба қалдырды.

Иә, енді Мөлдір емес Айша Әуелбекова. Құлақтарыңызды үйрете беріңіздер! 
Әнші азан шақыртып қойған есімін өзгертуіне не себеп болғанын әзірше құпия ұстап отыр.

Ал Мөлдірдің бұл әрекеті көпшілік қауымға еш түсініксіз дүние болуда.

"Азан шақыртып қойған атыңды неге өзгертесің?", "Меніңше Мөлдір деген ат тым жақсы ғой", "Айшасы несі ерсіленіп", "Мөлдір соңғы кезде қуып кетті"

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін