Мүсірепов театры «АССИТЕЖ»-дің Қазақстандағы орталығы болып жарияланды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мүсірепов театры «АССИТЕЖ»-дің Қазақстандағы орталығы болып жарияланды

Мүсірепов театры «АССИТЕЖ»-дің Қазақстандағы орталығы болып жарияланды

 Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры «АССИТЕЖ» дүниежүзілік қауымдастығының Қазақстандағы орталығы болып жарияланды. 

  • 9 Қыркүйек 2015
  • 560
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы театрдың баспасөз хатшысы Мая Әділхан хабарлады.

«Әлемнің 83 мемлекеті қатысатын бұл ұйымдар қатарына тұңғыш рет мемлекетіміздің өнер ошақтары 84-ші мүше ретінде қабылданды. Айта кетсек, «АССИТЕЖ» дүниежүзілік балалар мен жасөспірімдер театрлар қауымдастығы 1965 жылы құрылған. Ұйымның негізгі мақсаты — балалар мен жасөспірімдерді театр әлеміне қызықтыру, театр өнерін насихаттау»,-дейді М.Әділхан.

Сонымен, Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры; Астана Жастар театры; Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы;Ж.Елебеков атындағы Республикалық эстрада және цирк колледжі; Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының колледжі «АССИТЕЖ» дүниежүзілік қауымдастығының Қазақстандағы мүшелері болып тіркелді.


Соңғы жаңалықтар