Наурыз көжені қалай жасау керек? - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Наурыз көжені қалай жасау керек?

Наурыз көжені қалай жасау керек?

Елімізде ертең Наурыз мерекесі аталып өтеді. Бүгін соған дайындық жүрып жатыр.

  • 16 Наурыз 2023
  • 3300
Фото - Caravan.kz

Бұл мейрамның елімізде қайта жаңғырып, жалпыхалықтық деңгейде тойлана бастағанына 30 жылға жуықтаса да, наурыз көже дайындай білмейтіндер әлі жетерлік екен. Өйткені оның жасалу жолын сұрайтындар әлі күнге дейін бар.

Табиғат бастауы су ғой. Сусыз тіршілік болмас. Сондықтан наурыз көженің де негізі су болып табылады. Бұның да астарында — өмір өзен, ұрпақ-өріс судай асып-тасысын дегені болса керек.

Қазақтың ең жақсы көретін, негізгі ас дәмдерінің бірі – ет. Қашанда қазақы дастарханның берекесін ет келтіреді. Сол себепті наурыз көжеге қазақтың төл асы – ет қосылады. «Ұзынсарыға» сақталған сүрі етті қазан толсын, ас мол болсын деген ырыммен тұтастай наурыз көжеге салып қайнатады.

Көжеге үшінші — дәм арпаны қосады. Арпаның емдік қасиеті жайлы бәріне белгілі. Арпаны жиі пайдаланатындардың қаны бұзылмайды дейді білгіштер. Ирак тәуіптері бұл дәнді «ғажап құтты дән» деп атаған. Көптеген ауруларға шипалы. Сонымен қатар тойымды болып келеді.

Арпамен қоса, тары, күріш сияқты дәнді дақылдар қосылады. Жалпы, наурыз көжеге дәнді дақыл қосудың бір мағынасы – бір тамырдан өсіп-өнген дәндей ұрпағымыз көп болсын деген тілек болса керек.  

Көжеге міндетті түрде айран немесе ақ құяды. Бұның да негізінде – сүттей ұйып отырайық, ақ мол болсын деген ниет жатқан болар. Қазақтың ұлттық тағамдарының көбіне осы сүттен жасалады. Ұлттық тағам – наурыз көжеге де қосылуы заңдылық па дейміз.

Қазақтың ұлттық тағамдарына кіретін құрт та көженің дәмін келтіріп, ерекшелендіреді.

Кез келген тағамның дәмін тұз келтіреді. Наурыз көжеге де дәм беретін тұз жетінші тағам ретінде қосылады.

Әлбетте, наурызкөжеге белгілі бір тағам түрін қосу керек деген арнайы нұсқау жоқ. Әркім қолындағы бар азық-түлігіне қарайды. Тіпті кейде көкөністер де, жемістер де қосатындар бар. Дәм саны жетеу болса болғаны. Осылай, Наурыз мерекесінде қазандар көжеге толып, ауыл тұрғындары бір-біріне қонақ болған.

Бұрынырақта әйелдер өздерімен ыдыс ала жүрген. Әр үйден көже құйып алып, өз үйінің қазанындағы көжеге қосқан. Бұл дәм-тұзымыз араласып, ынтымақ-бірлігіміз нығайсын, көже секілді мидай араласып, көжедей дәмді қатынаста болайық, біріміздің ырысымыз бірімізге жұғысты болсын деген үлкен ұғымды білдірген.

Көжені ыдысқа толтырып құйып береді, бұл — «жаңа келген жылдан несібесі ортаймасын» дегендік. Әрі сол құйылған көжені тауысып ішу керек, әйтпесе ырзығы кем болады дейді.


Наурызкөже ішілерде ақсақалдар:

Қарық қып құтты Наурыз,

Қазанға толсын сары уыз.

Қайнасын наурыз көже де,

Толтырып ішкей кесеңе.

Ұлыстың ұлы күнінде,

Көппенен бірге күлімде.

Көбейсін жаңа достарың,

Молайсын елге қосқаның.

Жарасып көңіл хоштығы,

Бекісін халық достығы.

Ішінде жүрсе аз ғана,

Шайылсын өкпе, наз-нала.

Алдыға сыймай сәбилер,

Құшағын жайсын жаңа үйлер.

Жастардың самсап отауы,

Мейірім төксін Отаны.

Әспеттеп ата дәстүрін,

Әсем боп өссін жас буын.

Кірбің тартпасын кәрілер,

Барыңның дәмді нәрін бер! — деп бата берген.

Ал енді наурыз көженің нақты рецептілерін мына бейнежазбалардан білуге болады:

Сондай-ақ, біздің орыс тілді оқырмандарымыз үшін "Караван" медиапорталының орыс тіліндегі нұсқасының редакциясы Наурыз мейрамына арналған наурыз-көженің рецептін дайындағанын еске салғымыз келеді.

Рецепт приготовления наурыз коже в три шага. Как подавать блюдо на праздничный дастархан?

Соңғы жаңалықтар