"Не жеп байисыңдар осы?": Су жаңа көлік мінген Төреғалидің қарындасы елден оңбай сөз естіді - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Не жеп байисыңдар осы?": Су жаңа көлік мінген Төреғалидің қарындасы елден оңбай сөз естіді

"Не жеп байисыңдар осы?": Су жаңа көлік мінген Төреғалидің қарындасы елден оңбай сөз естіді

Әнші Төреғали Төреәлінің қарындасы Фариза Төреәлі астына су жаңа көлік мінді.

  • 13 Мамыр
  • 408
Фото - Caravan.kz

Қымбат электрокарды оған жолдасы туған күніне сыйға тартқан, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Қуанышты жаңалығымен Фариза Төреәлінің өзі желідегі парақшасында бөлісті.

Айтуынша, бұл оның туған күніне жасалған тосын сый болған.

«Қазақстанға келгенде тосын-сый күтіп тұр деп еді. Бірақ шын мәнінде дәл бұлай болады деп күтпедім! Сыйлық сылаудағы шынайы мақсат — өзара қарым-қатынасты бекітіп, сүйіспеншілікті арттыру арқылы Алла разылығына ұмтылу.

Әрбір әйел қауымы — бар жақсылыққа лайықты. Мәселе сыйлықта емес — ниетте. Баршаңызға шын жүректен бақытты сәттерді тіледім, Сіздерге де Алла Тағала бар жақсылықты нәсіп етсін қыздарым», — деп жазды ол желідегі парақшасында.

Көпшілік Фариза Төреәлінің елге мақтанып желіге жүктеген бұл жаңалығын сынға алған. Олар: «Не жеп байисыңдар осы? Қайдан келіп жатқан осынша ақша?», «Күйеу бала осындай болу керек. Жарайсың Дархан, бірақ соны көрсетпей-ақ қойсаңдар болмай ма?», «Жұлдыздар да не істеп, не қойғанын салып қоймады ғой», «Тәкаппарлық қой бұл» деген пікірлерін жаудырып жатыр.