"Отағасы десем жасанды болып кетеді": Әнші Жазира Байырбекова күйеуі Жанболатқа қатысты күтпеген мәлімдеме жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 487.37
  • 532.94
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
13 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Отағасы десем жасанды болып кетеді": Әнші Жазира Байырбекова күйеуі Жанболатқа қатысты күтпеген мәлімдеме жасады

"Отағасы десем жасанды болып кетеді": Әнші Жазира Байырбекова күйеуі Жанболатқа қатысты күтпеген мәлімдеме жасады

Әнші, қазақ эстрадасының жұлдызы Жазира Байырбекова күйеуі Жанболатқа қатысты ел күтпеген мәлімдеме жасады.

  • 4 Сәуiр
  • 110
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Сaravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Бұл жаңалығымен әнші өзінің желідегі парақшасында бөлісті.

«Ғашығым дейін десем жігітім емес — күйеуім. Махаббатым дейін десем, үйлегенімізге 2-3 жыл емес, 28 жыл болып қалыпты. Жас жұбайлар дейін десем, жас емеспіз. Кемпір мен шал дейін десем оған әлі ерте. Отағасы, анау-мынау десем, жасандылық болып кететін сияқты. Замандастар, біз сияқтыларды қалай әсемдеп айтса болады?», — деп жазды ол.

Көпшілік әншінің бұл сөзіне риза болған. Олар: «Иә, отағасыыыы деп сызылып отыра алмайды екенбіз, солай айтатындарға таң қаламын», «Шалым, қара шалым дей беріңіз, біз сияқтығыларға жарасады», «Жігітім дей беріңізші, жас көрінесіздер ғой» деп жазды олар.