Өзінен жасы кіші жігітке тұрмысқа шыққан жұлдыздар жайлы не білеміз? - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өзінен жасы кіші жігітке тұрмысқа шыққан жұлдыздар жайлы не білеміз?

Өзінен жасы кіші жігітке тұрмысқа шыққан жұлдыздар жайлы не білеміз?

Соңғы күндері ел назары өзінен 12 жас кіші жігітпен кездесіп жүрген Ерке Есмаханға ауып отыр. Желіде "Раймнан кейін 2005-тердің кезегі шығар", "Ерке қағып кетті", "Жас жігітті құрықтап алды" деген әзіл шыны аралас сөздер көбейді. Алайда, отанық шоу-бизнесте өзінен кіші жігітті "құрықтап алған" өнер жұлдыздары аз емес еді. 

  • 19 Қаңтар 2023
  • 1679
Фото - Caravan.kz

Caravan.kz медиа-порталы отау құру үшін жас айырмашылығын кедергі көрмеген еліміздегі танымал аруларға шолу жасап көрді.

Гүлбахрам Байбосынова

Театр және кино актрисасы Гүлбахрам Байбосынова өзінен 10 жас кіші актер Қазбек Төленге тұрмысқа шықты. Желідегі ақпарат бойынша, Гүлбахрам 1987 жылы туған, ал сүйіктісі 1997 жылы дүниеге келген. Гүлбаһрам мен Қазбек Ғабит Мүсірепов атындағы жастар мен балалар театрында бірге жұмыс істейді. Екеуі "Қызыл орамалды шынарым" спектаклінде басты рөлде ойнаған. 

Мәдина Сәдуақасова

Танымал әнші Мәдина Сәдуақасова өзінен 7 жас кіші жігітпен шаңырақ көтерді. Бұл өнер иесінің екінші некесі болатын. Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін 2006 жылы Мәдина Сәдуақасова Президент оркестрінде жүргенде танысқан офицер-лейтенантқа тұрмысқа шығып, дәм-тұзы жараспай ажырасқан болатын. Ал, Мәдина мен Олжас отандық бағдарламалардың түсірілімінде танысқан. 2013 жылдан бастап ресми түрде кездесе бастаған жұп 2014 жылы үйлену тойын дүркіретіп өткізді. Бүгінде олар Ануар есімді ұлдарын тәрбиелеп отыр. 

Луина 

Белгілі әнші Луина 32 жасында өз бақытын жасы кіші жігіттен тапты. Алты жыл бойы продюсерімен байланыста болған әнші сүйіктісінен үйлену туралы ұсынысты сол күйі естімеген. Бұл олқылықтың орнын Артем Обухов толтырды. Ғашықтар 2018 жылы танысты. Луинаның күйеуі өзінен 7 жас кіші. Қазір олар ортақ ұлдарын бірге тәрбиелеуде. 

Баян Нұрмышева

Баян Нұрмышева өмірлік серігін сахнадан тапқан. Бұл да оның екінші некесі. Әнші әрі күйеуі Ерлан Орынбасаров әйелінен 3 жас кіші. 

Жанель Мақажан 

Актриса Жанель Мақажан 2021 жылы актер Абай Асылханға тұрмысқа шықты. Жанельдің жолдасы өзінен 8 жас кіші.Жанельдің бірінші некесінен екі баласы бар. Бүгінде Жанель мен Абай өздерінің бақытты сәттерінен жиі сурет жариялап тұрады. 

Соңғы жаңалықтар