Жарияланды: 150

Қазақтың туыстық атаулары

Қазақтың туыстық атаулары

Қазақ халқына тән туыстық атаулары.

Caravan.kz медиа-порталы қазақ тілінде қолданылатын туыстық атаулар жинағын жариялады.

Ер адамның өз жұртының атаулары

Ата – әкенің әкесі, бергі ата
Арғы ата – атаның әкесі
Әже – әкенің шешесі, үлкен әже
Әке – өзінің туған әкесі
Апа – өзінің туған шешесі (анасы)
Әпке – өзінен жасы үлкен қыз (әйел)
Қарындас – өзінен жолы кіші қыз (әйел)
Аға – өзінен үлкен ұл бала
Іні – өзінен кейінгі ұл бала
Ағайын – бауырлас, аталас адамдар
Баба – арғы ата, үлкен ата
Жеңге – ағаның әйелі
Келін – інінің әйелі
Жиен – күйеуге шыққан әпкеден не қарындастан туған бала
Жиеншар – жиеннен туған бала
Жезде – әкесінің күйеуі
Күйеу – қарындасының күйеуі
Немере – ата-ананың ұлынан туған баласы
Шөбере – немереден туған бала
Шөпшек – шөбереден туған бала
Немене – шөпшектен туған бала
Туажат – неменеден туған бала
Жүрежат – туажаттан туған бала
Жегжат – жүрежаттан туған бала

Ер адамның нағашы жұртының атаулары

Нағашы ата – шешенің әкесі
Нағашы әже – шешенің шешесі
Нағашы аға – шешенің аға-інілері
Нағашы апа – шешенің апа-сіңлілері
Нағашы іні – шешенің бауырларынан туған жасы кіші бала
Нағашы қарындас – шешенің бауырларынан туған жасы кіші қыз
Нағашы жеңге – шешенің апа-сіңлілері күйеуі
Бөле – шешенің апасы не сіңлісінің ұл-қыздары

Ер адамның қайын жұртының атаулары

Қайын ата – әйелінің әкесі
Қайын ене – әйелінің шешесі
Қайын аға – әйелінің ағасы
Қайын бике – әйелінің әпкесі
Қайын іні – әйелінің інісі
Балдыз – әйелінің сіңлісі
Бажа – әйелінің әпкесінің не сіңлісінің күйеуі

Әйел адамның қайын жұртының атаулары

Қайын ата – күйеуінің атасы
Қайын ене – күйеуінің шешесі
Қайын аға – күйеуінің ағасы (жақын ағалары)
Қайын бике – күйеуінің әпкесі (жақын әпкелері)
Қайын іні – күйеуінің інісі (жақын інілері)
Қайын сіңлі – күйеуінің қарындасы (жақын қарындастары)
Абысын – қайын ағасының әйелі
Ажын – қайын інісінің әйелі
Жезде – қайын бикесінің күйеуі
Күйеу – күйеуінің қарындасының жұбайы

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін