Елорда тұрғындары мен қонақтары 27 тамызда «Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалды кешенінде өтетін «Ата заң — Елдік айғағым — желбіре мәңгі байрағым» мерекелік концертін тамашалай алады.
28 тамызда № 12, 4, 5 және № 8 кітапханаларда танымдық-құқықтық сабақтар өткізіледі. Сонымен қатар, осы күні сағат 16:00-де Бейбітшілік пен келісім сарайында мерекелік концерт ұйымдастырылады.
29 тамыз күні де астаналықтарға концерттік бағдарлама ұсынылады. Атап айтқанда, ҚР Конституциясының 20 жылдығын атап өту аясында «Шекарасыз ән» халықаралық фестивалінің гала-концерті өтпек.
29 тамызда Астана саябақтарында мәдениет мекемелері шығармашылық ұжымдарының концерттік бағдарламалары ұйымдастырылады.
30 тамызда елорданың басты алаңдарында: қалалық алаңда, «Бәйтерек» монументі алдындағы алаңда және «Студенттік» саябағында мерекелік концерттер өтеді.