ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналып Елордада әскери шеру өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналып Елордада әскери шеру өтеді

ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналып Елордада әскери шеру өтеді

30 тамызда Елордадағы «Қазақ елі» монументі жанындағы бас алаңда ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығы мен Қазақстан Республикасы Конституциясының 16 жылдығына арналған әскерлер шеруі өтеді.

  • 1 Тамыз 2011
  • 690
Фото - Caravan.kz

Шеруге қатысуға Астанаға барлық гарнизондардан әр түрлі әскер түрлері мен тектерінен, Қарулы Күштердің өңірлік қолбасшылықтарынан әскери қызметшілер келді.

Оларды уақытша шоғырландыру үшін Қырқыншы стансысындағы 68665 әскери бөлімінің жанынан далалық лагерь құрылды.

Шатырлы қалашық қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген. Жауынгерлер үшін далалық асхана жасақталып, үш мезгіл тамақтандыру ұйымдастырылған. Далалық медициналық бекеттер мен монша жұмыс істеп тұр. Бір сөзбен айтқанда, 170-тен астам шатырдан тұратын бұл қалашық шағын қалаға ұқсайды.

30 тамызда Астана тұрғындары мен қонақтарына төл әскеріміздегі қару-жарақ пен жауынгерлік техника түрлері көрсетілетін болады. Елорда аспанында әскери ұшқыштар жоғары пилотажды кескіндер жасайды.

Әскерилер қазірдің өзінде ыждағатпен өз шеберіліктерін шыңдауда. Күнделікті сап дайындығы олардан әрбір миллиметрдің есебін талап етеді. Бүгіннен бастап олар қолдарына қару алып, сап дайындықтарын жасауға кірісті.

Отаншыл рух пен патриоттық сезімді ту еткен қазақстандық әскери қызметшілер өздеріне жүктелген жауапкершілікті дұрыс түсінеді. Олар өздеріне қойылған тапсырмаларды сәтті орындап шығатындықтарына нық сенімді.

Қазақстан Республикасының 20 жылдығына арналған шеруге әскери қызметшілер үлкен жауапкершілікпен келіп отыр. Бұл секілді маңызды
іс-шараларға әзірлік жауынгерлердің сап дайындығын шыңдай түсері анық. Әрі әскерлер шеруіне үздіктердің ғана тартылатыны ақиқат.

Биылғы әскерлер шеруінің кең көлемде әрі қызықты өтетініне сенім білдіруге болады. Себебі, бұл іс-шара ел тәуелсіздігін паш етпек.

Соңғы жаңалықтар