Жарияланды: 460

Құрбан айт кезінде оқылатын сүрелер мен дұғалар

Құрбан айт кезінде оқылатын сүрелер мен дұғалар

Құрбан айт - күллі мұсылман қауым үшін қасиетті мейрамдардың бірі. Жағдайы жеткен әрбір мұсылман қауымға құрбан шалу  - парыз. 

Осы орайда,  Caravan.kz медиа порталы Құрбан айт кезінде оқылатын дұғалар мен сүрелер топтамасын назарларыңызға ұсынады. 

Құрбандық шалудің реті мынадай: малдың аяқтарын байлап, сол жағымен құбылаға қаратып жатқызып, мына дұғаны оқиды: «Аллаһумма һәзә минкә уә иләйкә, фатақаббәл минни», қазақша мағынасы «О, Раббым, мұны Өзің бердің, әрі Өзіңе арнап отырмын, менен қабыл ете көр». Дұғаны айтып болған соң, «Бисмиллә, Аллаһу Акбар» деп тамағынан бауыздайды. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.): «...Құрбан шалатын адам пышағын жақсылап қайрасын, малды қинамай жұмсақ бауыздасын», – деген хадисін ескеріп, ертерек дайындалған дұрыс. Малдың өңеші мен екі күре тамыры кесілуі шарт. Малдың жаны шықпайынша, оның басы мен терісін денесінен бөлуге болмайды. Осы ретте ескеретін жай, құрбан шалатын кісі біле тұра «Бисмиллә, Аллаһу Акбар» деп айтпаса, онда сойылған малдың еті харам, оны жеуге болмайды! Құран Кәрімде: «Біз барлық үмбет үшін, өздеріне берген малдан Алланың ғана атын атап, құрбан шалуды бекіттік. Өйткені, Тәңірлерің бір-ақ Тәңір. Сондықтан, оған ғана бойұсыныңдар» деп айтылған («Хаж» сүресі, 34-аят).

****************************************************************************************

1.«Субхаанәка Аллаахумә уә бихамдикә уә тәбәәрәкәсмукә уә Тағаалә жәддукә уә ләә иләәхә ғайрук».

Аудармасы: «Ия Алла! Сені кемшілік сипаттардан пәктаймын. Мақтауға лайықсың. Сенің есімің Мүбарак, Дәрежең өте Жоғары. Сенен өзге құлшылыққа лайықты Тәңір жоқ».


2.«Ағузу биллаһи минаш шайтанир ражим, Бисмиллаһи рахмани рахим» деп, (Аудармасы: Қуылған шайтанның кесірінен Аллаға сыйынамын, Рахман һәм Рахымды Алланың атымен бастаймын), Фатиха сүресі оқылады:

3.Фатиха сүресі:

Әлхәмду лиллаһи раббил-әләмин, ар-рахмани-р-рахим, мәлики йауми-д-дин, иякә нағбуду уа ияка нәстағин, иһдина-с-сирата-л-мустақим, сирата-л-ләзинә, әнғамта ғалейһим ғайрил-мағзуби, ғалейһим уа ла-з-заллин.

Аудармасы: Аса қамқор, ерекше мейрімді Алланың атымен бастаймын! Барлық мақтау бүкіл әлемнің Раббы, Аллаға тән. Аса қамқор, ерекше мейрімді. Қиямет күнінің иесі: Иә Алла! Саған ғана құлшылық қыламыз әрі Сенен ғана жәрдем тілейміз. Бізді тура жолға сала гөр! Нығметіңе бөлендіргендеріңнің жолына, ашуға ұшырағандардың және адасқандардың жолына емес!


4.«Би-исми-л-лаһи-р-раһмани-р-рахим» деп бір сүре оқылады. Мәселен Ыхлас сүресі:

Құл һуа аллаһу аһад, аллаһу-с-самад, ләм йалид уа ләм йулад уа ләм йакун лаһу куфуан ахад.

Аудармасы: Ол Алла біреу ақ. Алла мұңсыз. (әр Нәрсе Оған Мұқтаж). Ол тумады да туылмады. Әрі Оған ешкім тең емес.


5.Немесе басқа бір қысқа сүре, мәселен Асыр сүресі оқылады:

Бисмилләәһир-рахмаанир-рахиим
Уәл’аср, иннәл инсәәнә ләфи хуср, илләлләзинә әәмәну уа амилус-саалихати уа тауасау билхаққи уа тауаасау биссабр.

Аудармасы: "Заманаға ант етемін. Бүкіл адам баласы зиянда. Бірақ, иман келтіріп, ізгі істер істегендер мен бір-біріне ақиқат пен сабырды үгіттескендер басқа".
***
6.«Әт-тахият» дұғасы:

Әт-тахияту лиллаһи уас-салауаату уа-таййбаат, әс-сәләәму ‘аләйка әйюһән-нәбию уә рахмәтуллооһи уә бәрәкаатуһ, әс-сәламу ‘аләйна уә ‘ала ‘ибәдиллаһис-саалихиин, әшһаду әл-ләә иләһә ил-лАллаһ уә әшһәду әннә Мухаммәдән ‘абдуһу уә расуулуһ.

Аудармасы: Барлық дұғалар, мадақтар, тәндік, дүниелік ғибадаттар Аллаға лайық. Ей, Пайғамбар! Саған сәлем. Әрі саған Алланың рақымы мен берекеті жаусын! (Ей, Раббымыз!) Сәлем бізге және Алланың салиқалы құлдарына болсын. Мен Алладан өзге ешқандай құдай жоқ екеніне және Хазіреті Мұхаммедтің Алланың құлы әрі пайғамбары екеніне куәлік етемін.


7. Салли және Бәәрик дұғалары:

Аллаахуммә салли ьаләә Мұхаммәд. Уа ьаләә әәли Мұхаммәд. Кәмәә салләйтә ьаләә Ибраахиймә уә ьаләә әәли Ибрахиймә иннәкә хамийдум мәжийд.
Аллаахуммә бәәрик ьаләә Мұхаммәд. Уә ьаләә әәли Мұхаммәд. Кәмәә бәәрәктә ьәләә Ибрахиймә уә ьаләә әәли Ибрахиймә иннәкә хамийдум мәжийд.

Аудармасы: «Я, Алла! Пайғамбарымыз (с.а.у.) Мұхаммедке және Оның отбасы мен ұрпағына, мейіріміңді төгіп, олардың мерейін үстем ет. Тура хазіреті Ибраһим және оның отбасы мен ұрпағына мейіріміңді төгіп, олардың мерейін үстем еткеніңдей. Және Хазіреті Мұхаммед пен оның отбасын, ұрпағын мүбәрак ет. Олардың ырыс-берекетін ұдайы арттыр. Тура Хазіреті Ибраһим оның отбасын, ұрпағын мүбәрак еткенің секілді. Күмәнсіз Сен – Хамидсің, мәжидсің. Яғни, барлық мадақ пен ұлылық, асқақтық саған ғана тән".

Осы дұғадан кейін әуелі оң жаққа сосын сол жаққа сәлем беріледі. Содан соң 

Раббәнәә дұғасы оқылып, бет сипалады. Осымен Құрбан айт намазы толық оқылған болып есептеледі.

8.Рәббәнәә дұғасы:

«Раббәнәә әәтинәә фиддуния хасәнәтәу уә филәхирәти хасәнәтәу уә қинәә ьазәәбән-нәәр»
Аудармасы:  "Я, Раббымыз! Бізге бұл дүниеде де жақсылық бер, ақыретте де жақсылық бер және бізді тозақ азабынан сақта!"

 

Құрметті мұсылман қауым! Баршаңызды Құрбан айт мерекесімен құттықтаймыз! Алла Тағала шалған құрбандарыңызды, жасаған дұға-тілектеріңізді, ниеттермізді қабыл етсін! Еліміз аман, халқымыз тыныш болсын! 

 

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін