"Қыздарымның папамыз деп тұрғаны..." Алтынай Жорабаева жаңа күйеуін не үшін жақсы көретінін айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 439.43
  • 473.31
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
8 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қыздарымның папамыз деп тұрғаны..." Алтынай Жорабаева жаңа күйеуін не үшін жақсы көретінін айтты

"Қыздарымның папамыз деп тұрғаны..." Алтынай Жорабаева жаңа күйеуін не үшін жақсы көретінін айтты

Алтынай Жорабаева күйеуін туған күнімен құттықтап тілегін арнады.

  • 2 Сәуiр 2021
  • 3671
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz порталы хабарлайды.

Әнші инстаграм әлеуметтік желісінде:

"Әлеміме еніп, өмірімді өзгерткен ЖАН.

ТУҒАН КҮНІҢМЕН ЖӘННАТЫМ (Ин Шаа Алла)

АЛЛА МЫҚТЫ ДЕНСАУЛЫҚ, ҰЗАҚ ҒҰМЫР БЕРСІН . ЕКІ ДҮНИЕНІҢ АБЫРОЙЫН, БАҚЫТЫН БЕРСІН .

Әйел бақытын сезіндірген, бойымдағы нәзіктік пен еркелікті оятқан қамқоршым.

Осыдан біраз уақыт бұрын, отбасылық өмірімді дәл бұлай елестете де алмас едім. Сен келдің де ертегіге айналдырдың.

Қыздарымның папамыз деп тұрғаны да , таңдауымның туралығын дәлелдеп тұрғандай .
Мені сүйгенің үшін Сүйем.
Қыздарымды жақсы көргенің үшін, жақсы көрем.
Бір-бірімізді толықтырып қосылған бір бүтінбіз Ин Шаа Алла .
Сен — Менсің! Мен — Сенмін!
Өзіңді Өзімдей жақсы көрем. Өзіме тілегенімді, қалағанымды саған да қалаймын.
Тілегім жүрегімде.
Армандарымыз дұғамда.
Қалғаны жеке айтылар.
Алла берген ғұмырын бірге кешуді жазсын, асыл жарым.
Шексіз махаббатым" — деп жүрекжарды тілектерін арнады. 

"Сәбитке ауыр тиетін болды": Алтынайдың екінші күйеуіне қыздарының бассейнде асылғаны қызу талқыға түсті (ВИДЕО)

Желідегі оқырмандар: "Бақытты болыңыздар", ,Папамыз десе жақсы әке болғаны шығар","Бақыт қақпасы ашық болсын","Күштіііі","Супер"- деген пікірлер жазды.

Еске салсақ, төрт қыздың анасы, елдің сүйікті әншісі Алтынай Жорабаеваға бұған дейін әзілкеш Сәбит Әбдіхалықовтың жары болған. Ол ажырасқаннан кейін жеке өмірі туралы жасырын ұстауға барынша тырысып келген. Алайда өткен жылы Рамазан айында керемет жаңалығым бар деп екінші жарын көрсеткен болатын. Содан бері олардың өмірі ел назарында.

 

Соңғы жаңалықтар