Семейде Ұлытау мұражай-қорығының көшпелі фотокөрмесі ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+3 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде Ұлытау мұражай-қорығының көшпелі фотокөрмесі ашылды

Семейде Ұлытау мұражай-қорығының көшпелі фотокөрмесі ашылды

Семейде Ұлытау ұлттық тарихи-мәдени мұражай қорығының көшпелі фотокөрмесі ашылды. Қарағанды облысынан ғылыми-танымдық экспедицияның міндеті – Абай мұражай кешенімен мәдени байланыстар орнату және басқа тарихи-мәдени мұражайлармен тәжірибе алмасу.

  • 21 Маусым 2011
  • 794
Фото - Caravan.kz

«Фотокөрменің экспозициясы 5 бөлімнен тұрады және бізге оның мәдениет нысаны ртіндегі маңызы үлкен. Бүгінгі күні ұлттық құндылықтарды сақтау аса маңызды. Бұл табиғи, мәдени және тарихи ескерткіштерге қатысты», — дейді Абай мұражай кешенінің директоры Жандос Әубәкіров.

Қор меңгерушісі Нұрсұлу Райымованың ақпаратына сәйкес, өткен жылы мұражай ұжымы Солтүстік Қазақстанның аймақтарына экспедициямен барған. Бұл жолы ғылыми саяхат Шығысқа, Шу, Балқаш, Есік-Тамғалы бағытында жасалады.

«13 маусымда біз Ұдытайдан жолға шықтық. Қарағандының өңірлерінде болдық. Кейін Қайнарға, Жидебайға бардық. Абай,Шәкәрім, Кеңгірбай зираттарында болдық. Бөрілідегі Әуезов мұражайымен таныстық. Енді міне семейліктермен кездесіп жатырмыз», — дедіН. Райымова.

Шығыс Қазақстанға келген экпедиция 5 адамнан құралған. Ұлытау мұражайының Семейге сапары 12 күнге жалғасады. Фотокөрме кейін Өскеменге барады,

Ұлытау ұлттық тарихи-мәдени мұражай-қорығы 1990 жылы құрылды. Оның құрамында 25 ірі кешен бар. Ашық аспан астында орналасқан мұражай-қорық аймақтың табиғи және тарихи байлығын сақтап қалу мақсатында құрылды. Мұражай-қорықтың қорына 736 тарихи ескерткіш кіреді, оның 13-і мемлекеттік құндылықтар қатарына жатқызылған.

Соңғы жаңалықтар