“Сене алар емеспін. Қош әке!” Нұрболат Абдуллин әкесіне жазба арнап оқырмандарын жылатты - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Сене алар емеспін. Қош әке!” Нұрболат Абдуллин әкесіне жазба арнап оқырмандарын жылатты

“Сене алар емеспін. Қош әке!” Нұрболат Абдуллин әкесіне жазба арнап оқырмандарын жылатты

Әнші Нұрболат Абдуллиннің әкесі бірнеше күн бұрын өмірден өткен болатын.

  • 5 Сәуiр 2021
  • 1265
Фото - Caravan.kz

Әкесіне арнап жазған әлеуметтік желідегі қоштасу хатын оқып желідегілердің көзіне жас келді.

Бұл туралы Caravan.kz порталы хабарлайды.

Әкесіз өспедім ғой Аллаға шүкір!
Бала боп еркеледім,мейірімін сезіндім,ақылын берді,еңбекке баулыды.Ұлын ұяға,қызын қияға қондырды.Тамаша Ана тауып бердіңіз, рахмет Әке. Жұбану қиын болғанымен Алла сабыр етуші пендесін сүйеді ғой.
Сіз туралы арманым көп еді “әттең-ай!”
Отызыңда дүниеге келген кенже ұл
ың бүгін
30-ға толды. Бұл құттықтауыңыз енді менің мәңгі жадымда! Жаныңыз жәннатта болсын! Сене алар емеспін,Қош Әке!
” — деп жазба қалдырды.

Желідегі оқырмандары мен әріптестері әншіге көңіл айтып, бекем болуын сұрады.

https://www.instagram.com/p/CNNL6AoB7wV/?igshid=kawn65qnu3s9

Соңғы жаңалықтар