Серік Ибрагимов ақтөбеліктерге көңіл айтып, концертінің уақытын ауыстырды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Серік Ибрагимов ақтөбеліктерге көңіл айтып, концертінің уақытын ауыстырды

Серік Ибрагимов ақтөбеліктерге көңіл айтып, концертінің уақытын ауыстырды

Елімізге танымал әнші әрі саксофоншы Серік Ибрагимов Ақтөбе қаласында болатын концерттің кейінге шегерілгенін хабарлап, марқұмдардың туыстарына көңіл айтты.

  • 8 Маусым 2016
  • 536
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Маусымның 5-і күні Ақтөбе қаласының Филормония аумағында, 5-ші ықшам ауданында және “Паллада” қару дүкенінің жанында оқыс жағдай орын алған болатын. Ақтөбедегі екі күндік арнайы операциялардан соң 13 күдіктінің көзі жойылып, 8-і ұсталды. Тағы 4 шабуылдаушы жарақат алып, арнайы күзетпен ауруханада жатыр. Ал қаза тапқан ақтөбеліктердің саны 20-дан асады.

Осыған орай, Серік Ибрагимов марқұмдардың туыстарына көңіл айтып, аталған аймақта жоспарланған концерттерінің уақыты кейінге шегерілгенін хабарлады.

“Ақтөбе қаласындағы ғайып болған жандардың жақындарына көңіл айтып, болып жатқан оқиғаларға байланысты Атырау қаласындағы Құрманғазы мәдениет сарайына 11 маусымға жоспарланған концертіміздің уақытын кейінге шегеруге бел будық. Концерт болатын күнін алдағы уақытта міндетті түрде xабарлаймыз. Түсінушілікпен қарауларыңызды сұраймыз. Бастысы ел-аман, жұрт-тыныш болсын!” – дейді Серік Ибрагимов.


Мұнымен қатар, концерттің қай уақытта жоспарланатыны туралы сұрақтарға +77015903771 нөмірі бойынша жауап алуға болатынын жеткізді.

Жаңалықты естіген желі қолданушылары әншінің шешемінің дұрыс екенін айтып, қолдай түсті. Арасында бірнеше билет алып үлгергендерін айтып, наразылық білдіргендер де бар.

Соңғы жаңалықтар