Серік Ибрагимовтың қалыңдығының ата-анасы ұзату тойын жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Серік Ибрагимовтың қалыңдығының ата-анасы ұзату тойын жасады

Серік Ибрагимовтың қалыңдығының ата-анасы ұзату тойын жасады

Серік Ибрагимов қолына бақ құсын қондырды. Әнші бес жыл бойы кездесіп жүрген сүйіктісін шаңырағына келін қылып түсірді.

  • 7 Қазан 2016
  • 5367
Фото - Caravan.kz

Кеше Серіктің Айнамкөз есімді аруға айттырылғанын айтқан болатынбыз. Қазақтың салт-дәстүрі бойынша «сырға салу» рәсімі өткізіліп, болашақ құдалар сөз байласты. Ал кешкісін Айнамкөздің «қыз ұзату» тойы өтті. Серіктің қуанышына қазақ эстрадасының жақсы-жайсаңдары түгел жиналды. Ибрагимовтің продюсері Алтынбек Рахметов құда атанды. Одан бөлек, «Кеш you» тобының әншісі Балжан Бидаш құдаша атанғанын айтып қуанды. Ол – Ибрагимовтің туыс қарындасы болып келеді.

Той барысында Ибрагимов осыдан бес жыл бұрын Айнамкөзге арнаған әнін ұзату тойда орындады. Айта кетейік, дәл осы «Жаным іздеймісің» әні Серіктің шоу-бизнестегі жұлдызын жақты. Аталмын туындыға әкесімен би билеген қалыңдық көзжасына ерік беріп, отбасымен қимай қоштасты.

әкесімен би билеген қалыңдық көзжасына ерік беріп, отбасымен қимай қоштасты.


14553055_1156227821110573_3239489700167155712_n

Жіберіп алмаңыз:

Соңғы жаңалықтар