Жарияланды: 230

Шоу бизнеске Жангүл есімді жаңа есім қосылды

Шоу бизнеске Жангүл есімді жаңа есім қосылды Сурет - Caravan.kz

Жас әнші Жангүл Жезқазған қаласының тумасы, шоу бизнеске өз үлесімді қосамын деп сахнаға асыға келген ару.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Қоржынына бірнеше әнді жинап үлгерген Жангүл алғашқы бейнеклипін махаббат тақырыбынан бастағанды жөн көрген.

Арқа елінен Алматыға арман қуып келген әнші ғашық боп та үлгеріпті. "Сүйгеніме" деп ән жазып, режиссер Парасат Ибраевтың идеясымен тырнақалды туындысын ел назарына ұсынбақ.

"Бұл менің алғашқы клипім, сол себепті өзім ғана түсемін, ал келесі дүниемді атақты әншімен жоспарлаудамын. Жақында тыңдармандарымды түрлі жаңалығыммен қуантатамын" дейді жас әнші.

Әнші алғашқы туындысын жақында еліміздің музыкалық арналарынан тамашалайтын боласыздар.

Жас әншінің продюсері Еркебұлан Молдашев, ол бұған дейін "Alar" тобының продюсері болған. Еркебұлан Молдашев Жангүлден бөлек, Айдын Жұмақанның да продюсері болып саналады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін