“Сүйгенім жолығып, мәңгі бақыт тауып өмір сүремін“ - Мөлдір Әуелбекова Түркияда жалғыз жүрмегенін айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Сүйгенім жолығып, мәңгі бақыт тауып өмір сүремін“ - Мөлдір Әуелбекова Түркияда жалғыз жүрмегенін айтты

“Сүйгенім жолығып, мәңгі бақыт тауып өмір сүремін“ - Мөлдір Әуелбекова Түркияда жалғыз жүрмегенін айтты

Жақында ғана екінші некесі сәтсіз аяқталған Мөлдір Әуелбекова "Өмірімнің мәні" атты жаңа ән жазды. 

Бұл туралы Caravan.kz порталы хабарлайды.

  • 7 Маусым 2022
  • 547
Фото - Caravan.kz

"Сүйгенім жолығып, мәңгі бақыт тауып өмір сүремін",- деген өлең жолдары қалың көпшіліктің жүрегіне жетті.

"Бақытты болыңызшы","Сіз бақытқа лайықтысыз","Сізді жақсы көреміз","Таланттысыз",- деп пікір қалдырды.

Оқырман қойған сұрақтардың бәріне жауап берген әнші қазіргі таңда Түркия елінде саяхатта жүр. Әнші кіммен саяхаттап жүргендігін оқырмандарына айтуға уәде етті.

— Неге бізбен сұхбаттаспай кеттіңіз?

— Үнемі жұмыс жұмыс деп сіздермен сөйлесуге де уақытым болмайды екен ғой. Бүгін әңгімелесейік деп шештім. Сұрақтарыңыз болса мархабат.

— Демалысыңыз қалай өтіп жатыр?

— Демалыс десе үнемі теңіздің жағасына жүгіретін едік.Бұл жолғы демалыс өзгеше болып жатыр. Өмірімде бірінші рет активный отдыхқа келдік, тура гастрольде жүрген сияқты сезім болып жатыр. Түркияның қанша қаласына барсам да, Стамбулда бірінші рет.

— Интрига жасап қойдыңыз ғой, ол жақта кіммен жүрсіз?

— Сұрақты төтеден қоясыздар ғой. Бұл жақта жаныма жақын жандармен жүрмін. Маған Стамбул қатты ұнап жатыр.

— Сізді ол жақта танып жатыр ма?

— Қазағыма алғысым шексіз. Қайда жүрсем де танып, құрмет көрсетіп жатыр. Сіздерді жақсы көремін менің адал тыңдармандарым.

— Тұрмысқа шығу ойыңызда бар ма?

— Әрине, көктем әркімнің жүрегінде
Дәл қәзір бақыттымын. Шүкір! 
 

" Ешнәрсені уайымдамай тек еріп жүрмін. Сен үшін бәрін дайындап қояды. Рақат. Жол білмеймін. Тіл білмеймін деп уайымдамайсың", — деп сөзін аяқтаған әнші жақында өзінің авторлық дизайндарымен тігілген "Moldir beyne", "Moldir qadam"  атты дүкенін ашқан болатын. Қазіргі жоспары ол дүкенді барлық қалалардан ашу екендігін айтып өтті. 
 

 

Соңғы жаңалықтар