"Ұзын бұрым мен үшін тек сыртқы сұлулық емес": Қарақат Әбілдина жан сырын ақтарды - kaz.caravan.kz
  • $ 487.76
  • 562.39
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Ұзын бұрым мен үшін тек сыртқы сұлулық емес":  Қарақат Әбілдина жан сырын ақтарды

"Ұзын бұрым мен үшін тек сыртқы сұлулық емес": Қарақат Әбілдина жан сырын ақтарды

Эстрада жұлдызы Қарақат Әбілдина ауыл мен қаланың тәрбиесін қатар алғанын айтты.

  • 12 Маусым
  • 2
Фото: Видеодан скрин. Коллаж: Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында бұрымының өзі үшін үлкен мәнге ие екенін айтты.

«Ауылдың да, қаланың да тәрбиесін қатар көрдім — екеуінен де өзіме керегін алдым. Ауылдан — қарапайымдылық пен кеңдікті, қаладан — талғам ,талпыныс, таңдауды үйрендім.

Ес білгелі менің шашым ұзын болды… Ұзын бұрым мен үшін тек сыртқы сұлулық емес, ол кешегі аналарымыздан үзілмей жеткен нағыз қазақ қызының бейнесін айшықтайтын, нәзіктігі мен тектілігін айқындайтын үнсіз сабақтастық .

Эстрада сахнасына шыққан алғашқы жылдары ғой, стилист мамандар сырт келбетім мен образымды өзгертуге көп ұсыныс жасады.Бірақ мен өзімді басқа бейнеде көре алмадым. Өйткені мен үшін сахна — эксперимент алаңы емес, жан дүниең мен ішкі болмысыңның көрінісі. Эстрада мен ұлттық өнер екі түрлі жанр болғанымен , үнің де, әнің де бір жүректен шығады. Ал қос бұрымым — сол екі әлемді жалғап тұрған, Қарақаттың табиғи болмысы…», — деп жазды ол.