Жаңа жыл туралы қазақша әндер мен сөздері, мәтін - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+5 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жаңа жыл туралы қазақша әндер мен сөздері, мәтін

Жаңа жыл туралы қазақша әндер мен сөздері, мәтін

Caravan.kz медиа порталы Жаңа жыл туралы қазақша танымал әндер мен олардың сөздерін ұсынады. Ән сөздері құлаққа жатық, жаттауға оңай, тілге жеңіл

  • 24 Желтоқсан 2021
  • 1819
Фото - Caravan.kz

"Жана жыл" Жаңа жыл Бәйтерек

Ғажайып ертегілер әлемі де менің түсімде

Есігімді біреулер қағады ашып көргенде

Аяз ата Ақшақармен бірге келген қонақтар

Бәрінің де қолдарында бізге арналған силықтар

Жаңа жыл, келе жатыр Халайық, бәріміз қарсы алайық

Жаңа жыл, келе жатыр

Ал, қане ойын саулық құрайық

Бала кездей бакытты сезінбегем түсімде

Қуанамын ертегінің кейіпкері секілді

Жарқыраған ойыншықтар шыршамызда жанады

Қараңыздар сағатымыз он ек-ні соғады

Жаңа жыл, келе жатыр

Халайық, бәріміз қарсы алайық

Жаңа жыл, келе жатыр

Ал, қане ойын саулық құрайық

******************************************

Жаңа жыл (Кешью Жана жыл)

Біз бүгін жасарып тұрмыз

Ортамызда шырша

Басында жұлдыз

Айнала билеген ұл қыз

Жасай бер, жайнай бер, Жаңа жыл

Источник text-pesni.com

Егемен еліміз қазақ

Дөңгеленген жеріміз ғажап

Тамаша тойыңды жасап

Жайнай бер, жасай бер, Жаңа жыл

Жаңа жыл келді, Жаңа жыл келді

Еліме сәлемін берді

Гүлденеді, түрленеді қала

Қуанды бала, қуанды ана

Жаңа жылды бүкіл әлем қарсы алды

Жаңа жыл деп би-билеп, ән салды

Жаңа жыл деп шашуын шашқанда

Алақайлап қуанды қарт жастарда

Біз бүгін жасарып тұрмыз

Ортамызда шырша

Басында жұлдыз

Айнала билеген ұл қыз

Жасай бер, жайнай бер, Жаңа жыл

Егемен еліміз қазақ

Дөңгеленген жеріміз ғажап

Тамаша тойыңды жасап

Жайнай бер, жасай бер, Жаңа жыл

Жаңа жыл, жарқын Жаңа жыл

Тек алға басады халқым

Бүгінгі күннен ертеңі артып

Ән менен күйін шертеді шалқып

Жаңа жылда тазарып бар тәніміз

Желбінеді жасарып жанымыз

Арта берсін арайлы таңымыз

Жаңа жылды қарсы алайық бәріміз

Біз бүгін жасарып тұрмыз

Ортамызда шырша

Басында жұлдыз

Айнала билеген ұл қыз

Жасай бер, жайнай бер, Жаңа жыл

Егемен еліміз қазақ

Дөңгеленген жеріміз ғажап

Тамаша тойыңды жасап

Жайнай бер, жасай бер, Жаңа жыл

Біз бүгін жасарып тұрмыз

Ортамызда шырша

Басында жұлдыз

Айнала билеген ұл қыз

Жасай бер, жайнай бер, Жаңа жыл

Жаңа жыл

***************************************

Аяз ата

Ақ таяғын таянып,

Таңмен бірге оянып.

Аяз ата келіп тұр,

Ақ күпіге оранып.

Қайырмасы:

Ал балалар, тұрмайық

Би билейік, ойнайық

Аяз ата қуансын

Дөңгеленіп зырлайық.

Кетті көңіл шалқып-ақ,

Жұлдыздардай қалтырап.

Аяз ата үстінде

Ақшақар тұр жалтырап.

Қайырмасы.

Көрдің бе аяз атаны

Аппақ екен сақалы.

Аппақ екен мұрты да,

Аппақ екен шапаны.

Қайырмасы.

**************************

Шырша

Тауда туып, тауда өскен,

Шырша келді ортаға

Бәріміз бір дауыспен,

Дейік енді шыршаға

Қайырмасы 2-рет

Қуант бізді таңырқат,

Шамдарыңды жарқырат.

Әдемілеп біз ілген,

Ойыншықтар тізілген.

Қандай жақсы шыршамыз

Ән шырқайық бәршамыз.

Қайырмасы 2-рет

Енжарлықты тастайық,

Шырша тойын бастайық

*** *** *** ***

Жаңа жыл, жаңа жыл.

Жаңа жылда-жаңа жыр.

Жасыл шырша жанында

Жадырап бар бала жүр.

*** *** *** *********************************

Сәлемет пе Аяз-ата

Таяғы бар қолында,

Қар борайды соңында.

Қайырмасы 2-рет

Қандай сыйлық бар екен?

Арқалаған қабында.

Қаптың аузы ашылды,

Ойыншықтар шашылды

Қайырмасы 2-рет

Аяз-ата би билеп,

Әнімізге қосылды

Сақалының ұзынын-ай

Саудыраған мұзын-ай.

Қайырмасы 2-рет

Жарқыраған аттары

Жаңа жылдың қызық-ай.

*** *** *** ***

Жаңа жылым мол болсын

Басқан қадам оң болсын

Төрле, төрле жаңа жыл

Бізге құтты жол болсын.

*** *** *** ***

Аяз ата келіп тұр,

Бизге сәлем беріп тұр.

Сақалының ұзыны-ай

Кесіп алсам шіркін-ай!!!

*** *** *** ***

Қуантып енді,

Жаңа жыл келді.

Өсетін болдым,

Бір жасқа енді.

*** *** *** ***

Жасыл желен жамылған,

Асыл моншақ тағылған.

Міне сұлу шыршамыз

Көптен күтіп сағынған.

*** *** *** ***

Ақша қарға малынып,

Аппақ тонын жамылып.

Сақалы мен мұртына,

Күміс моншақ тағылып.

Аяз Ата келдің бе?

Балаларды сағынып.

*** *** *** ***

Тілеймін мен бар әлемге

Дос көп болсын жаңа-жыл

Ата-әже, әке-шеше

Құтты болсын Жаңа жыл.

*** *** *** ***

Жылдың әнін бастайын,

Аяз-Ата кеп қалды.

Майысады жас қайың,

Көтере алмай көп қарды.

*** *** *** ***

Бақша іші мереке,

Ойын күлкі асқақ ән.

Жақсы әпкелер жаңа кеп,

Мерекені бастаған.


*** *** *** ***

Жаңа жылды қарсы алдың,

Мініп алып күймеге.

Мен де бүгін ән салдым,

Араластым биге де.

*** *** *** ***

Оралдың өлкеме,

Жаңа жыл армысың.

Оранды ақ көрпеге,

Асқар тау, қарлы шың.

*** *** *** ***

Ақ қырауға малынған,

Сақалы да мұрты да

Аяз ата сағынған

Сәлем берді жұртына.

*** *** *** ***

Безендіріп шыршаны

Жыл қуантты баршаны.

Той-маскарад басталды,

Аяз оны басқарды.

*** *** *** ***

Аппақ тонға оранып,

Базарлықты мол алып.

Келді алыс сапардан,

Аяз ата оралып.

*** *** *** ***

Жүзімізде күлкі ойнап,

Шаттанады жанымыз.

Жаңа жылды біз тойлап,

Шаттанамыз бәріміз.

*** *** *** ***

Аспан жерге төгеді,

Ақ күмісін уыстап.

ой жылы келеді,

Бізге қарай жылыстап.

*** *** *** ***

Қалып едік сағынып,

Күтіп алдық жабылып

Жолын қойдық жарық қып,

Шыршаларға шам іліп.

*** *** *** ***

Ақ таяғын таянып,

Таңмен бірге оянып.

Аяз ата келіп тұр,

Ақ күпіге оранып.

*** *** *** ***

Тамаша, тамаша!

Шыршамыз тұр жараса.

Басында әсем жұлдызы

Көз тоймайды қараса.

*** *** *** ***

Жасыл желек жамылған,

Асыл моншақ тағылған,

Miнe, сұлу шыршамыз.

Көптен күтіт, сағынған,

Кел, балалар, келіндер,

Тамашаны көріңдер.

*** *** *** ***

Аяз–ата ақ сақалды,

Ақ таяқты паң ата,

Асып өтіп асқар тауды

Жеттің бізге таң ата.

*** *** *** ***

Жапалақтап ақша қар

Жауды күнде қайталап

Қырға шықты балалар

Шаңғыларын арқалап.

*** *** *** ***

Қайда қызық думан болса,

Аяз ата сонда болды.

Балалармен бірге ойнап

Балалармен бірге қонды.

*** *** *** ***

Аяз келді қаһарлы

Айналаны қар жапты.

Ақ тон киіп орман тұр

Дәл атамдай салмақты.

*** *** *** ***

Шырша, шырша

Шамдарыңды жарқырат.

Би билейміз, айнала,

Балаларды таңырқат.

*** *** *** ***

Тақпақ, өлең жаттадық,

Би үйрендік көрсін деп.

Аяз Ата шаттанып,

Бізге риза болсын деп.

*** *** *** ***

Тамаша ғой қыс деген,

Қуанады бар бала.

Шырша тойын тойлайды,

Аяз Атамен қосыла.

*** *** *** ***

Біздің балабақшада,

Шырша тойы болады.

Аяз Ата, Ақшақар,

Біздермен мәз болады.

*** *** *** ***

Жаңадан тақпақ,

Аламыз жаттап.

Жаңа жыл келді,

Жаңа жыл аппақ.

*** *** *** ***

Сапалы аппақ күмістей,

Тістері аппақ күріштей.

Қызыл ала шапанды,

Сағындым Аяз атаны.

*** *** *** ***

Тауда туып, тауда өскен,

Шырша келді ортаға.

Аяз Ата, Ақшақарды

Шақырайын ортаға.

*** *** *** ***

Өлең де әзір, ән де әзір,

Ойын да әзір, бәрі әзір.

Кел Жаңа — жыл біздерге,

Кел Жаңа — Жыл, Жаңа — жыл!

*** *** *** ***

Жаңа жылмен, Жаңа жылмен,

Құттықтаймыз әрине.

Папамызды, мамамызды,

Қонақтарды бәрін де.

*** *** *** ***

Алақай, алақай,

Қар жауып тұр балақай.

Жүр шанаңды алып шық,

Киіп алып малақай.

*** *** *** ***

Шыршаны айнала,

Қоршаған қуыршақ.

Кел биле, кел биле,

Қоян, лақ, құлыншақ.

*** *** *** ***

Орманның бар аңдары,

Бүгін бізде қонақта.

Балалармен би билеп,

Қуанады шаттана.

*** *** *** ***

Далада қар борайды,

Ақ мамыққа орайды.

Мұз болады, қатады,

Жып-жылтыр боп жатады.

*** *** *** ***

Ән айтамыз, би билейміз,

Біз көңілді баламыз.

Шаршауды біз білмейміз,

Тақпақ айтып, би билеп.

Аяз Атадан сыйлық аламыз.

*** *** *** ***

Жаңа жылда бақшамыз,

Гүлдей болып жайнасын.

Аман болсын барлық бала,

Шат — шадыман ойнасын.

Жаңа Жыл келеді.

*** *** *** ***

Аю, қасқыр, қоян, түлкі бәрі де,

Ортада жүр би билеп.

Балалар жүр мәз болып,

Би билейді дөңгелеп.

*** *** *** ***

Жаңа жыл Жаңа Жыл

Жаңа жылға жаңа жыр

Жасыл шырша жанында

Билеп барлыҚ бала жүр

*** *** *** ***

Мәз болып, жиналып көп бала,

Бір-бірін құшақтап топтала,

Ойыншық іліп жүр шыршаға,

Неткен көп ойыншық мұншама.

Дайын тұр тақпақ пен әніміз,

Әрдайым құлпырсын сәніміз!

 

Соңғы жаңалықтар