Жұлдызды жұп Арсен мен Мереке екінші рет ата- ана атанды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жұлдызды жұп Арсен мен Мереке екінші рет ата- ана атанды

Жұлдызды жұп Арсен мен Мереке екінші рет ата- ана атанды

Актриса, жайдарманшы, продюсер, соңғы уақытта әншілікті қолға алған Мереке Бауыржанқызы екінші рет ана атанды.

  • 29 Қараша 2021
  • 3489
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz  порталы хабарлайды.

Бүгін яғни 29.11.21 сағат түнгі екі шамасында Мереке Қалбаева шекесі торсықтай ұлды өмірге алып келді.

Бұған дейін Арсен мен Мерекенің Ару есімді 1,8 жастағы қыздары болды. Ал бүгіннен бастап екінші рет әке болған Арсен Акиев инстаграм әлеуметтік желісіне: "Аллаға шүкір", — деп жазба жариялады. 


Жұлдызды жұптың қуаныштарына әріптестері құттықтауларын жаудырып, ыстық лебіздерін білдіртуде.

Өмірге келген батырдың есімін Мерекенің туған сіңілісі қоятын көрінеді. 
Алдағы уақытта жұлдызды жұптың ұлдарының есімін және басқа да ақпараттарды білетін боламыз.

Соңғы жаңалықтар