Жүрсін Ерман: Балғынбек бастаған әсіре діншілдер айтыстан кетіп жатыр (видео) - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жүрсін Ерман: Балғынбек бастаған әсіре діншілдер айтыстан кетіп жатыр (видео)

Жүрсін Ерман: Балғынбек бастаған әсіре діншілдер айтыстан кетіп жатыр (видео)

 

  • 31 Мамыр 2016
  • 759
Фото - Caravan.kz

Ақын, қоғам қайраткері, ақындар айтысының ұйымдастырушысы Жүрсін Ерман айтыстан кетіп жатқан кейбір ақындардың әрекетін әсіредіншілдікпен байланыстырады. Бұл туралы Qamshy.kz сайты «Алматы» телеарнасына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

«Айтыскер ақындар аспаннан түскен жоқ. Олар да осы қоғамның мүшесі. Қазақ қоғамы қандай болса, айтыскерлер де сондай. Мысалы, қазақ қоғамының дінге бет бұрғанығына біраз болып қалды. Солардың ішінде әсіре діншілдер де, өтірік дінді насихаттап жүргендер де, өзінің намаз оқитындығын насихаттау арқылы арзан ұпай жинап жүргендер де толып жатыр. Біздің айтыскерлердің арасында бірең-сараң болса да солай жүргендер бар. Дінге шырмалып қалды ма, айтыстан кетіп жатқандары да бар. Балғынбек бастағандар. Көз көріп отырып, оны не үшін жасырамыз? Тілін байлайтын болу керек. Басқа сылтау жоқ. Мен Балғынбекті жақсы көремін. Аса талантты ақындарымыздың бірі, осы айтысты биікке көтерген санаулы тұлғалардың бірі. Бірақ түсінбеймін оның әрекетін. Әсіре діншілдік айтыстағы ақындардың тілін байлайды екен. Жастардың санасы әлсіз ғой. Солар шырматылып қалды», — дейді Жүрсін Ерман.

Соңғы жаңалықтар