15-қабаттан секіріп кеткен қыздың анасы: Тергеушілер қызымның жазып кеткен хатын көрсетпей отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
15-қабаттан секіріп кеткен қыздың анасы: Тергеушілер қызымның жазып кеткен хатын көрсетпей отыр

15-қабаттан секіріп кеткен қыздың анасы: Тергеушілер қызымның жазып кеткен хатын көрсетпей отыр

Кеше Астанада көпқабатты үйдің 15-қабатынан секіріп кеткен қыздың анасы Елена Спирина Today.kzтілшісіне сұхбат беріп, қызы жайында және

  • 5 Мамыр 2017
  • 1769
Фото - Caravan.kz

Кеше Астанада көпқабатты үйдің 15-қабатынан секіріп кеткен қыздың анасы Елена Спирина Today.kzтілшісіне сұхбат беріп, қызы жайында және оны мұндай қадамға итермелеуі мүмкін себептер жайында айтып берді, деп хабарлайды Baq.kz.

Анасының айтуына қарағанда, колледжде оқып жүрген қызы стипендия алып, аспаз болуды армандаған.

«Қызым өте тиянақты, жауапты адам, қайырымды жан. Бәрін жүрегіне жақын қабылдайды. Біреуге бірдеңе болып қалып, өзі көмек бере алмаса, қатты уайымдайды. Оқу үлгерімі жақсы, мектепте де, колледжде де. Стипендия алып, төрт пен беске оқитын. Дарынды бала дейтін жұрт. Колледжде өз арнайы пәні бойынша үздіктердің үштігінде еді. Атақты аспазшы болуды армандайтын еді (жылады). Балаға не болғанын білмеймін, мұндай қадамға не итермеледі екен?», деп баяндады Елена Спирина.

Оның айтуынша, қазір қыз бала есін жиған. Алайда жағдайы ауыр, бірақ қалыпты. Ауыр жарақаттар алған. Сондықтан шұғыл түрде қан керек.

«Қызым аман қалса екен деймін, одан артық ештеңе сұрамаймын (жылады). Дәрігерлерге айттым, сал болсын, қандай болса да, тірі болсыншы. Реанимацияға кіргізбей жатыр. Қызым шок алмасын деп. Дәрігерлердің айтуынша, есін жиғанда қызым бірден анасы мен әкесін сұрапты. Басқа ештеңе айтпаған. Сөйлеуі баяу, травмалық шоктан деп отыр дәрігерлер. Әлі бір тәулік бойы бақылауда болады. Ертең травматологияға барып, дәрігерлермен сөйлесемін, болжамдары қандай екенін білемін. Операция қажет пе, жоқ па – мұның бәрін ертең айтады. Ішкі ағзаларына УЗИ жасалған, бәрі аман екен, бүйректері жұмыс істеп тұр, катетр тұр. Менің алаңдатып тұрғаны – қан көп жоғалтқан, үшіншіден он екінші омыртқасына дейін тегіс сынған, сол жақ жамбасы үгітілген», — дейді анасы.

Елена Спиринаның айтуынша, 16 жастағы жеткіншекті мұндай қадамға итермелеген себептерді анықтау үшін мұқият тергеу жүргізу қажет. Себебі қыздың психикасына сырттан әсер етушілер болуы мүмкін.

«Бір мәселені айтып, бақылауға алса екен деймін. Қызым құлағына бір әуен келеді деп мазасызданатын еді. Бірде физика пәні бойынша куратор сабақ түсіндіріп жатады, қызым басын партаға қойғанда мұғалімі «Иә, Спирина» дегендей болады. Ол орнынан тұра бергенде мұғалімі рэп оқып кеткендей елестейді. Неге олай болғанын білмеймін. Бәлкім, шынымен, Интернет есті ауыстыратын шығар, әлеуметтік желі ме, әлде алғашқы махаббат па?! Не себепті олай болғанын түсіне алмай, оған колледж қасындағы психологқа баруға кеңес бердім. Бірақ ол оған барғанын айтып, жылап жіберді. Себебі маман: «Бұл мәселемен маған емес, жындыхананың психиатрларына жүгін» деген екен. Кәмелет жасына толмаған жеткіншекке бұлай айтуға бола ма? Біріншіден, ол бұл жайтты оқушының кураторына, ұстазына, әкімшілікке айтуы керек еді. Олар бірінші болып мәселені бақылауға алып, кейін ата-анасы ретінде мені ескертулері керек еді деп есептеймін. Яғни, бұл жөнінде ешкім білмеген», — деп ренішін білдірді қыздың анасы.

Сондай-ақ, ол қызы биіктіктен секірмес бұрын өлім алдындағы хат қалдырып кеткен. Оны тауып алған полицейлер анасына көрсетуден бас тартып отыр.


«Тағы бір түсініксіз жайт бар. Бүгін тергеуші менен жауап алған кезінде қызым хат қалдырып кеткенін айтты. Көрсетуін өтініп едім, ол бас тартты. Мен тек куәгер болып табылатынымды айтты. Сіз зардап шегуші емессіз ғой дейді. Тым болмаса, хатта не жазылғанын ауызша айтып беріңізші деп өтініп едім, келіспеді. Неге? Қызымды не мазалағанын, мұндай қадамға не итермелегенін білуім керек қой?!», — деп алаңдайды шарасыздан шарқ ұрған ана.

Оның сөзіне сәйкес, іс ҚР ҚК 105-бабы бойынша тергеліп жатыр. «Өз-өзіне қол салуға итермелеу».

«Егер ол адамның кінәсі дәлелденсе, жауапқа тартылады. Сондықтан менің қызыма қатысты барлық ақпараттан хабардар болуым керек. Ең бастысы, хатта не жазылғанын білгім келеді. Ана ретінде менің де кінәм бар шығар, кей жерде елемей кеткенім болған шығар, назардан тыс қалдырғаным бар ма. Егер оған дауыс көтеріп, ұрысқан жерім болса, ана ретінде қамқорлығым, тәрбием. Оны мақтан тұту үшін дұрыс тәрбие беру керек қой», — дейді аяқ асты қайғыға тап болған келіншек.

Сондай-ақ, анасы қайғылы оқиға болған күнгі қызының әрекетін баяндап берді. Оқиға болған күні қызы ешкіммен сөйлеспей, үнсіз жүрген. Колледжден бірінші сабақтан кейін кетіп қалған.

«Әдеттегідей, сағат 6.00-де ояттым. Ол оянып, біраз жүріп, қайтып жатып қалды. Жарты сағат өткен соң, бөлмесіне кіріп: «Тұр, сабаққа бармайсың ба?!» деп тағы ояттым. Ол үнсіз тұрып, киініп, таңғы асын ішті. Жолына ақша бердім, ол үндемей үйден шығып кетті. Әдетте менімен сөйлесіп жүретін еді. Шамамен екі минуттан кейін мен шықтым, бірақ дәлізде ол жоқ екен. Біз тоғызыншы қабатта тұрамыз, лифт істемей тұрды. Мен түскенше, автобусқа отырып кетті ме екен… Ұстазы айтқандай, ол бірінші параға сәл кешігіп келген. Қазір есімде жоқ, ол бірінші сабақтан ба, әлде екінші сабақтан кейін бе, кетіп қалған. Оның кеткенін құрбысы білген. Бұған дейін ұстазымен сөйлескен едім. Мен қызыма бірдеңе болып жүргенін сезіп, жағдайды бақылауда ұстаймыз деп келіскен едік. Себебі жеткіншек бала – өте қауіпті. Құрбысы ешкімге ештеңе айтпаған. Оқиға шамамен 11.50 шамасында болған, маған тек 14.15-те хабарлады. Ал әкесіне біз өзіміз хабарладық», — деп әңгімеледі болған жайтты қыздың анасы.

Естеріңізге сала кетейік, кеше сағат 11.50 шамасында Мәңгілік ел мен Сарайшық көшелерінің қиылысындағы тұрғын үйден 2000 жылғы қыз Людмила Спирина секіріп кетті. Әзірге бойжеткеннің 15-ші қабатан неге секіргені белгісіз. Істің мән-жайы анықталып жатыр.

Соңғы жаңалықтар