23 маусым - елімізде екі бірдей кәсіби мереке аталып өтетін күн - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
23 маусым - елімізде екі бірдей кәсіби мереке аталып өтетін күн

23 маусым - елімізде екі бірдей кәсіби мереке аталып өтетін күн

Қазақстанда жыл сайын 23 маусымда дәстүрлі түрде Мемлекеттік қызметкерлер күні және Полиция күні аталып өтеді.

  • 23 Маусым 2017
  • 401
Фото - Caravan.kz

Мемлекеттік қызметкерлер күні Мемлекет басшысының Жарлығымен 2013 жылы бекітіліп, Қазақстан Республикасының кәсіби мерекелері тізбесіне тиісті тармақ енгізілді. Осы жылы атаулы мерекеге орай мемлекеттік қызметкерлер арасында байқау жарияланған еді. Оның жеңімпаздары Елбасы атынан алғыс хаттар мен марапат белгілеріне ие болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.   

Айта кетейік, байқауға қатысушылардың ең үлкені 62 жаста болса, ең жас қатысушы 26 жаста. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 23 маусым — Мемлекеттік қызметкерлер күні өтеді.

Еске сала кетейік, президент «Үздік мемлекеттік қызметші» республикалық конкурсының жеңімпаздарын қабылдаған болатын.


Ал 1992 жылғы 23 маусымда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары туралы» Заң қабылдады. Бұл Қазақстан полициясының қызметі мен міндетін анықтайтын алғашқы құқықтық акт болатын. 2007 жылы 5 маусым күні Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өз Жарлығымен 23 маусымды — Полиция күні деп бекітті.

Өткен жылы аталған кәсіби мерекеге орай полиция қызметкерлері арасында веломарафон өткізілген болатын.

Соңғы жаңалықтар