Жарияланды: 8 4684

25 жыл бойы Қытайда ырғалған қазақ енді ол жақта қысқан кезде ойланып жатыр - Тоқтар Жақаш

25 жыл бойы Қытайда ырғалған қазақ енді ол жақта қысқан кезде ойланып жатыр - Тоқтар Жақаш Сурет - azattyq.org

Қазір Қытайдағы қазақтардың қиын жағдайы туралы көп айтылып жатыр. Ондағы жұрт жанайқайын жаппай жеткізбесе де, ғаламтордың құдіретімен мұндай ақпаратты ара-тұра құлағымыз шалады. Әлеуметтік желіні шарлаған үнжазбаны естіген боларсыздар. 

Белгілі журналист Тоқтар Жақаш осы мәселеге қатысты алабөтен ойын айтыпты. Caravan.kz медиа-порталы бұл пікірді қаз-қалпында жариялауды жөн көрді.

Қытайдағы ұйғырға жағдай жасамай-ақ "Қазақстанға көшіңдер!" десе, 5 жылда-ақ ит-мысығы қалмай көшіп келетін еді. Ал біздің қазаққа "көш" десе: "Қазақстанда не бар? Босқа жұмыссыз қаңғып қаламыз. Көріп отырмыз ғой, кеткендердің қарық болғанын. Бізді күтіп отырған жоқ. Қытайдағы пенсиям жақсы. Жұмысым жақсы. Айлығым жақсы" деп 25 жыл ырғалды. Енді келіп, Қытайдың қылбұрауы мойынды қысып жіберіп еді, алдағы болашақтың шындығын ұққан сияқты. Көшіп келсе, көп дегенде 10-15 жыл қиналар еді. Мұндағы қазақтың да аузынан ақ майы ағып отырғаны шамалы. Есесіне, 10-15 жылда елге сіңісіп, ұрпағы қазақ қоғамының өркендеуіне жұмыс істер еді. Бұл табалау емес. Мүмкіндік болса, расымен араша түсу керек. Қажет болса, азаматтарымыздың атынан президент пен үкіметке Үндеу жазайық. Ал Қытайдағы қазақ мүмкіндігінше "жұмақ мекен" мен "жұмақ жұмысын" тастап, елге қайтуға әрекет жасасын.

Тоқтар Жақаш

Пікір қалдырыңыз

Қонақ 11 августа

Өте дурыс

Қонақ 12 августа

Кытай казахтардан ошин алып жатыр. Енди Кытай полициясы казахтарды камап оз айтканындарын жасайды. Кондим деп кол койдыоады. Казахстаннан жер алу ушин жасайды.

Қонақ 11 августа

Өте дұрыс.

Қонақ 11 августа

Өте дұрыс.

Қонақ 11 августа

Дұрыс айтасың бауырым

Қонақ 13 августа

қытайдағы бауырларыма кейде

жаным ашыйды кейде жаным күйеді, әттең қолдан келсе әй шәйға қаратпай алдыға салып айдап әкелер едім

Қонақ 13 августа

Ия, Қытайда нең қалды? Ата-бабаң қорғаған жерден, өзін өзі билеген Елден əлдеқашан айырылғансың? "Көп қорқытады..." деген, саумалап күнде жүз Қытайдан кіріп, Ұш аймағыңа орнығып алдығой. Енді сенде еркіндік қайда?!..

Кешегі Абылайхан, Қабанбайдың,Оспан батырдың... ізіде қалмаған жер, енді саған пана болама?

Қонақ 13 августа

Оте дурыс! Али де кеш емес!

Сіздің пікіріңіз,

[X]