Жарияланды: 29 3637

Әйгілі "Айтуға оңай" ток-шоуы жабылды

Әйгілі "Айтуға оңай" ток-шоуы жабылды

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасындағы «Айтуға оңай» ток-шоуы өз мәресіне жетті. Бағдарламаның аяқталғанын хабардың жүргізушісі Бейсен Құранбек Фейсбукте жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.

- Иә, «Айтуға оңай» аяқталды. Тамыздың соңына дейін қайталаулар беріледі. Сонымен бітті...

Бес жылдың ішінде қоғамдағы қордаланған проблемалар, қиюы кетіп тұрған әлеуметтік-тұрмыстық мәселелер, талайлы тағдырлар туралы айтудай-ақ қайттық. Жәй ғана айтып қоймай, қолдан келгенше сүрінгенге-сүйеу, жығылғанға - жастық болдық.

Осылай жалғастыра берсек те болатын еді. Қалыптасқан, елдің көңілінен орын тапқан бренд, форматты ары қарай да қолдана беруге болатын еді. Бірақ әр нәрсенің уақыты бар, әр нәрсенің өлшемі бар. Одан кейін қайталау, ұсақталу, кері кету басталатыны белгілі.

Жеке өзім үшін де бұл шешім оңайға түскен жоқ. Құдай өмір берсе сағынышпен ескен алатын бір кезең артта қалып барады. Мен үшін «Аайтуға оңай» үйрену, өсу, қызмет ету мектебі болды. Көп нәрсе жазғым келеді. Ол енді мақтандай қабылдануы мүмкін екенін ескеріп, қоя-қойған жөн болар:)

Бірақ бүгін бір нәрсе айтылуы тиіс. Ол - алғыс!

-Осы жобаны өмірге әкеп, бізге сенім артқан, қолдау білдірген Нұржан Жалауқызына, Ләззат Олжабайқызына, Қайнар Олжайға, Серік Аббас-Шахқа,

-Мені жүргізушілікке шақырған «Айтуға оңайдың алғашқы әрі соңғы продюсері Әлия Құдайбергенге,

-«Айтуға оңайға» әр кездері жетекшілік еткен Аргентина Жәнібекке, Ерке Баймахановаға, Досан Атантеловке, Нүсіпхан Қыстаубаевқа,

-«Айтуға оңайда» істеген әрбір қызметкерге,

-Демеушілік, тілектестік танытқан әрбір адамға,

-Аз уақыт басшылық етсе де, көп қолдау білдірген Кемелбек Ойшыбаевқа,

-Бізге ерекше сенім танытып, жұмысқа барлық жағдайды жасап отырған Ерлан Карин бастаған «Қазақстан» телерадиокорпарациясының басшылығы мен ұжымына,

-Ағалық ақылы, әпкелік қамқорлығы, әріптестік жанашырлықтары үшін Ұлттық арнаның Алматы филиалының жетекшісі Марат Иманғалиұлына, бас редактор Гүлнәр Салықбайға, шеф – редакторлар Сағатбек Қалиұлына, Ержанар Әшейханға, Дәурен Дариябекке,

-Өздері көрінбей, үлкен істерді тындырып жүрген режиссерларға, дыбыс режиссерларына, операторларға, жарық қоюшыларға, монтажерларға, шопырларға, техникалық, шаруашылық, ұйымдастыру бөлімінің барша қызметкеріне, тағы да басқа аты аталмаған, бірақ септігі тиген жандарға

Зор алғыс сезімін білдірмін!
Сіздерсіз бұл хабар шықпас еді...

Ерекше рахмет айтатын, ол - Нұртілеу ағам айтпақшы, «патша көңілді көрермен». Сіздердің бізге уақыт, көңіл бөлгендеріңіз үшін, бей-жай қарамай ықылас, ниет танытқандарыңыз үшін мың алғыс! Сіздерсіз біздің жасаған хабарымыз ешкімге керексіз боп қалар еді...

Ары қарай не болады дейсіздер ғой. Қарап отырмаймыз. Қарекет қыламыз. Елге пайдалы дүние жасаймыз. «Ұлттық арнадағы» жаңғыру кезеңіне өз үлесімізді қосамыз.
Ол туралы жаңа маусымда көріп, бағасын бере жатарсыздар, деді Б.Құранбек.

Пікір қалдырыңыз

Қонақ 10 августа

Бейсен ага, сизге коп рахмет! Айтуга онайдын жабылганы окиништи ак... Ен тандаулы багдарламамыз еди... Али де халыкка пайдалы багдарламаларды шыгарасыз деген умиттиемиз ...рахмет сизге!

Салиқалы сарабдал ұлағаты мен ғибраты мол бағдарлама еді әсіресе улкендеріміз үнемі қараушы еді өкінішті!

Қонақ 10 августа

Қазақ тілінде қарауға тұрарлық хабар еді.Ғұмырын неге қысқарттыңыздар?Бейсен сізге шығармашылық табыс,зор денсаулық тілеймін.Сіздің тамаша ойлы да,тəрбиелі хабарыңыз қаншама халықтың қиналып жүрген мəселесінің түйінін шешуге мұрындық болды.Алладан қайтсын!АЗАМАТ- ЕЛДІҢ АЖАРЫ - десе,ел үшін ҚТ-нің ажары - Сіз болдыңыз.ЖҮРЕК -- ЕР, БАС -- КЕМЕҢГЕР -демей ме дана халық,дей тұрғанмен халықты қуантар тамаша хабардың куəсі болайық. Жақсы мазмұнды үр жаңа хабардан БЕЙСЕН ҚҰРАНБЕК-ті көруге жазсын!Аман болайық.

Қонақ 10 августа

Бейсен мырза! Сізге осы бағдарламаны жургізген кезде өте риза болып отыратынбыз.неткен сабырлы салмақты салиқалы жан деп.көп рахмет.халық ушін əділ таза сипайы қызмет көрсеттіңіз.сізге алдағы уақытта да осындай бір жақсы істің басына келуіңізге тілектеспіз

Қонақ 10 августа

Бейсен иним алгысымыз шексиз. Айналайын енбегине ризамыз. Барин тастап осы багдарламаны коруши едик. Канша елдин алгысын алдын. Бари риза ел журтын. Менде. Жаркенттиктер атынан жануямнын атынан алгысым шексиз. Сизге шыгармашылыкта табыс зор денсаулык тилеймиз. Амандыкта жолыгайык. Биз сизге сенемиз.

Керемет , кунды ой козгар багларлама еди...Мундай багларлама елге кажет_ак.Озге форматта болсын, рухани, адеми маселени козгайтын осы тектес багларлама болды керек.Халыкка ой тастап отырар

Қонақ 10 августа

Өте керемет бағдарлама болды сіз қаншама xалықтын ойынан шығып алғыстарын алдыныз сізге алла жар болсын биік биік белестерден көріне берініз

Қонақ 10 августа

Өте керемет бағдарлама болды сіз қаншама xалықтын ойынан шығып алғыстарын алдыныз сізге алла жар болсын биік биік белестерден көріне берініз

Қонақ 10 августа

"Айтуға оңай" Есі кеткен Заманның есі дұрыс хабары болды. Себебі бұл хабарда қазақ деген. Үмітшіл халықтың үмітін ертеңге жалғап, әлсізге қай жағынан да де меу бола білді.Соңғы 20 жылдағы жібі түзу жалғыз бағдарлама!

Қонақ 10 августа

Бекер! Бәзбіреулер жаптырған сияқты... "Айтуға оңай"-дың айтқанынан айтары көп еді.

Қонақ 10 августа

Өкінішті.., бірақ Сіздерге мың да бір РАХМЕТ!

Қонақ 10 августа

Енді "Айтпауға болмайды" бағдарламасы шықса керемет болары сөзсіз)))

Қонақ 10 августа

Енбастысы Бейсен мырзага Алладан амандык , жан уясына мангилик бакыт, зор денсаулык тилеймин.Бундай азамат тек ултымыздын багына берген аз адамнын бири.Жастарга , балаларымызга улги болып аман жур! Жарайсын Казактын маргаска улы!

Бул багдарлама бага жетпес багдарлама деп айтсам кателеспес едим. Сиздин жургизуши шеберлигиниз бул багдарламага дем берип корермендерге сабак болатындай рухани байлык пен адамгершилик касиеттен айырылмау керек екендигин улттык тарбиеде накыштап дариптей билдиниздер. Сиздин ужымга алгысым шексиз. Дегенменде алиде ойланып шешимдеринизли озгертесиздер мумкин. Бейсен ага Алланын назарына бакыттын базарына боленип журе бериниз.

Қонақ 11 августа

Бисен сіздің халыққа корсеткен қызметіңіз үшін шексіз алғыс !Өзіңізге алла жар болсын!Əлі де жақсы жаңалықтармен бізді қуантатыныңызға сенемін!

Қонақ 11 августа

Ауыз толтырып айтарлықтай керемет, ғибраты мол бағдарлама еді. Жабылғаны өте өкінішті. Бірақ, алдағы келер күннен тек жақсылық күтеміз. Жəне де "Айтуға оңай" дың орнын басар жақсы бағдарламалар күтеміз. Еңбегіңіз жана берсін Бейсен мырза !

Қонақ 13 августа

Бисен ағамның осы бағдарламаны əдемі аяқтайды.Айтуға оңай деп.Сіздердің ұжымыңызға мың алғыс.Осындай бағдарлама көп болса шіркін.Бұл айтуға оңай.

Қонақ 13 августа

Əр істің бір қайыры бар. Осы хабардың сауабы мол болды. Біраз ойландырды. Өлшеулі өмірде адами құндылықтарды бағалауға үйретті. Алла риза болсын.

Сіздің пікіріңіз,

[X]