Жарияланды: 23 13300

Әкімді сынаған торғайлық ақынға аузы дуалы жерлестері қарсы шықты

Әкімді сынаған торғайлық ақынға аузы дуалы жерлестері қарсы шықты Сурет - Caravan.kz коллажы

Ақын Саят Әбеновті әлеуметтік желіні қолданатын қазақтардың бәрі тануы тиіс. Өйткені ол қоғамда келеңсіз жай көрініс бере қалса, бірден сол туралы өлең жазып, ғаламтор арқылы таратып отырады. Саяттың сонысымен елге танымалдығы артып жатыр.

Бірақ торғайлық ақынды жерлестері білдей бір облыстық газетте сынға алыпты, деп хабарлайды Caravan.kz тілшісі. «Қостанай таңындағы» «Шектен шыққан» атты мақалаға бас редактордың өзі алғысөз жазып, Қонысбай Әбілов, Әсия Беркенова, Айбек Қалиев сынды әріптес аға-әпкелері қол қойған.

«Бұған дейін де Саяттың өлең деп жариялап жүргендерін көзіміз шалып қалатын. Бірақ соңғы уақытта әлдекімдердің айдауына ерді ме, әлеуметтік желідегі қолданушылардың назарын аударғысы келді ме, белгісіз, әйтеуір көрінген нәрсеге «жыр» арнауды әдетке айналдырып кетті. Осы хат арқылы Саятқа тоқтау айтқымыз келеді.

Айналайын, Саят! Ақ пен қараны, өтірік пен шындықты, жақсы мен жаманды айыратын жасқа жеткен азаматсың. Сенің талабыңа тілекшіміз, өшкеніңді емес, өскеніңді қалаймыз. Арзан сөзге, жалған атаққа құмартпағаның абзал. Сыртта жүріп, ұзынқұлатан жеткен жел сөздерге еріп, елдің азаматтарына айып тағуың орынсыз.

Апат айтып келмейді. Бұл қазақ даласына келген бұл нәубет әкімдердің бет-беделіне қарамайтындығын баламыз білер дейміз» делінген олардың хатында.

Бұған қоса аталған газетте Торғай өңірінің көптеген ақсақалдары қол қойған «Торғайдың жайын бізден сұраңыздар!» атты хат та жарияланған.

Ал Саят Әбеновтің жерлестерінің бұлай өре түрегелуіне ақынның Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовті сынаған мына өлеңі себеп болғаны байқалады:

Біздің әкім

Елдің мұңын естісе ухілейді,

Судың мұңы жеткенше су құриды.

Ақтөбенің әкімі боти кисе,

Біздің әкім шешпейді туфлиді.

Аяғына су қайдам, қар тимепті,

Көтеріп тұр Қостанай Архимедті.

Өмірзақтың өзіне зар боп қалдық,

Сол кеткелі «хәләуләй» ән-күй кетті.

Қайдан шықты білмеймін ондай батыр,

Су да тасып біздің жақ оңбай жатыр.

Бұл қоғамға керексіз жетім құсап

Үш ай болды әкімсіз Торғай жатыр!

Пікір қалдырыңыз

Қонақ 21 апреля

ехххххх

Қонақ 21 апреля

мейлі

Қонақ 21 апреля

Ақындар-асау болады,ауыздықтауға көнбес!

Қонақ 21 апреля

Мен біздің зиялылардың Торғайлық ақынмын дегеніңе неге шүйліккеніне түсінбедім. Енді не, сен Уругвайлық ақынмын деуің керек пе? Әлде ақынмын дегеніңді артық көріп отыр ма? "Өлеңге әркімнің де бар таласы" демекші," болмасаңда ұқсап баққанның" несі артық, ол бір үлкен күстаналайтын қата деп есептемеймін. Екінші жағынан, артық айтқан ештеңеңді көрмедік әкімнің тасқыннан зардап шеккен жерге бармағаны, Торғайдың әкімсіз отырғаны расқой. Ендеше барды бар, жоқты жоқ дегеннің несі айып. Жаманның артынан шөп ереді, жақсының артынан сөз ереді дейді. Жақсы адам ерген сөзге шамданбайды, қайта шамырқанып, қайралады. Болам деген азаматқа түбінде көлгірсіген көпшіктерден, түрткілеген қамшының пайдасы молырақ болар.

Торғайлық 21 апреля

Мәселе автордың өзін өзі таңбалауында болып тұр. Торғайлық ақын деген атақ па, немене? Олай болса, Әбділданы қызылордалық ақын, Мүқағалиды алматылық ақын, қадырды орамлдық ақын деп жазу керек шығар. Ақын джеген атақты да автор емес, халық айтуы керек. Кез келген өлең құрастырушы ақын бола алдмайды.

Қонақ 21 апреля

Тамаша уақытында әдемі өлең.Оған шамдаруға болмайы.

Қонақ 21 апреля

Торғайлық ақын деген атауға сонша неге шүйліккендеріңізді түсінбеймін.

Қонақ 21 апреля

Керемет жазылған. Өздері шындықты айта алмағаннан кейін жазып жатқандары шығар. Жағымпаздықты қоятын кез келді. Халық ақымақ емес бәрін көріп біледі.......

Қонақ 22 апреля

Бəрі аяқтан тарту, баяғы көреалмаушылық, əкімді сынаса сынасын , сынау керек неге шындықты айтпасқа.Біреудің аузына қақпақ қоюды доғарыңдар.

Қонақ 23 апреля

Міне осы дұрыс

Қонақ 22 апреля

Саятты колдаймын" Баскасын билмеймин Акылбек ага Шаяхметовтын кол койганы конилимди калдырды

Қонақ 22 апреля

Бояғыш бояғыш дегенге әкесінің сақалын бояп тастапты баяғыда біреу. Сол құсап айтқыш айтқыш дегенге лаға берудің қажеті жоқ торғай ақынға

Қонақ 22 апреля

Бояғыш бояғыш дегенге әкесінің сақалын бояп тастапты баяғыда біреу. Сол құсап айтқыш айтқыш дегенге лаға берудің қажеті жоқ торғай ақынға

Қонақ 22 апреля

Бояғыш бояғыш дегенге әкесінің сақалын бояп тастапты баяғыда біреу. Сол құсап айтқыш айтқыш дегенге лаға берудің қажеті жоқ торғай ақынға

Қонақ 23 апреля

Біз көпшілігіміз əрине Торғайды білмейміз. Бірақ бұл баланың балғаны өте өте дұрыс деп ойлаймын. Өйткені бұл қарапайым халықтың атынан сөйлеп тұр. Ал кешіріңіздер əрине Сіздер секілді танымал ақсақалдарға əкімдердің көз қарасы басқаша боладығой. Ол айтпасада көзі ашық жандар барин біледі. Сондықтан бұл ақынның сағын сындырмаңыздар.

Қонақ 23 апреля

Торғайым деп лүпілдеп тур ғой жүрегі несіне симай жатсыздар

Қонақ 24 апреля

Бұл су тасқыны - Қазақстандағы бүкіл мемлекеттік жүйе жұмысының көрінісі. Қарап отырсаңыз жылда қайталанады. Ал су тасқыны қай жақтан келетіні белгілі. Әлде жер бетінің рельефі өзгеріп отыра ма, қалай? Халыққа жаны ашитын немесе кінәлілерді жазаға тартатын жүйе жоқ қой бізде. Тексеретін орган өкілдері мен орындаушы мекеме өкілдері бәрі "гәп" ойнайды ма дерсің. Бірақ шындығында солай! Әйтпесе кінәлілерді іздеудің қажеті жоқ. Бәрі белгілі нәрсе ғой. Көп ақша бөлінді. Бәрі бірлесіп бөліп алды. "Іс бітті, қу кетті". Мұндайда Крыловтың "Түлкі мен қарға" мысалы ойға келеді екен.

Қонақ 24 апреля

Орыстың мени атканы,абактыга жапканы, жаныма менин батбады. Жаныма менин батканы оз ауылымнын иттеринин балагымнан капканы деп жылаган сол Торгайдын азаматы буган тан калуга болмаит агайын жане ренжуренжугеде. Талабына нур жаусын акын Бауырым!

Қонақ 24 апреля

Шындық ащы, Өтірік тəтті

Қонақ 24 апреля

Турасын айтқан туғанына жақпайды деген. Ащы шындықты айтып шамдарына тиіп кеткен екен. Торгай 3 ай әкімсіз отыру деген таза сұмдық. Әкімнің сөзін сөйлегіштер алдымен торгайдағы қара халықтың қамын ойласандар қайтеді . 3ай бойы әкім тағайындамай ай қарап отыр ма ол әкім , кімді күтіп отыр. Саят дұрыс айтады, халықтын қамын ойлмайтын әкімді алып тастау керек.

Қонақ 25 апреля

Ақынын өсіретін

Халқы аман болсын,Халқының жағдайын ойлаған ақыны аман болсын! Заманының амалы мен адамы өзгерсе не шара?

Қонақ 26 апреля

Айбек Қалив пен Әсия апайға не көрінген. Өмірдің шындығын ақын айтпаса кім айтушы еді.Әсіресе Айбектің қол қоюы ұяттау екен өзі де талай айтыста халықтың жыртысын жыртты емес пе,әлде өзі депудаттыққа қолы жеткесін басқаша сайрайтын болған ба. Әй шіркін билік-ай деген.

Қонақ 22 июня

Жарайсың, Саят бауырым! Шындықтың уы қашан да ащы. Тайсалма!

[X]