Алматылықтар Disney және Marvel фильмдерін қазақ тілінде көретін болды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматылықтар Disney және Marvel фильмдерін қазақ тілінде көретін болды

Алматылықтар Disney және Marvel фильмдерін қазақ тілінде көретін болды

Алматыда Наурыз мерекесінің құрметіне орай тұңғыш рет қазақ тілінде Disney/Marvel фильмдерінің фестивалі өтеді, деп хабарлайды «Қа

  • 10 Наурыз 2017
  • 378
Фото - Caravan.kz

Алматыда Наурыз мерекесінің құрметіне орай тұңғыш рет қазақ тілінде Disney/Marvel фильмдерінің фестивалі өтеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі қалалық әкімдікке сілтеме жасай отырып.

Наурыз мейрамы аясында наурыз-сәуір айларында Алматы тұрғындары мен қонақтары алғаш рет қазақ тіліндегі фильмдер фестиваліне бара алады. Көрсетілімдер Алматының ірі молы саналатын «Апорт» ойын-сауық аумағындағы StarCinemaAport кинотеатрында өтеді. Фестиваль Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылуда. Фестиваль күндері көрермендер мынадай туындыларды көре алады: «Көліктер-2», «Батыл жүрек», «Құбыжықтар университетi», «Галактика сақшылары», «Малефисента», «Күлбике», «Кек Алушылар-2: Альтрон дәуірі», «Алиса айнаның арғы жағы», «Джунгли кітабы», «Моана». Әкімдіктің мәліметінше, фестиваль аясында көрсетілетін фильмдердің бағасы 300 теңге тұрады.



 

Соңғы жаңалықтар