Әнші Тамара Асар өткен аптада жұртты шулатқан әріптесі - Қарақатты ақтауға тырысты - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+5 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әнші Тамара Асар өткен аптада жұртты шулатқан әріптесі - Қарақатты ақтауға тырысты

Әнші Тамара Асар өткен аптада жұртты шулатқан әріптесі - Қарақатты ақтауға тырысты

Әнші Тамара Асар өзінің Инстаграм парақшасында Қарақаттың мешітте туған күнін атап өтуіне байланысты өз ойын жазып, халықтың алдында ақт

  • 10 Сәуiр 2017
  • 13324
Фото - Caravan.kz

Әнші Тамара Асар өзінің Инстаграм парақшасында Қарақаттың мешітте туған күнін атап өтуіне байланысты өз ойын жазып, халықтың алдында ақталуға тырысты, деп хабарлайды Caravan.kz.

"Бұл тәтті тортты Қарақаттың құрметіне арнайы мен тапсырыс бердім, және ол менің шаңырағымда дастарxанға қойылды… Бойына осы баласы біткеннен кейін, "егер қыз болса, кеште болса, Жол МЕНІКІ БОЛМАСАДА, "Құрсақ шашу" ШӘЙІН Біздің үйде мен жасап берейінші "-дедім. Негізі ондайды, енесі жасау керек екені қай Қазаққа да белгілі. Біз Құдай қосқан көршіміз, әріптеспіз. Өзім Қарақатқа үлкен құрметпен қараймын,шынымды айтсам, Үмітсіз шайтан, Әзіл,шыны аралас,Денсаулығым жетсе,Жаратқаннан рұқсат болса, өзімде қыз сүюді арман етемін🙈Туған күні жақындаған қарсаңда,Қарақат өз отбасының шешімімен Мешітте, Медреседе оқитын 50 шақты Шәкірт қызбалаларды, және ең жақын тілектес жандарды шақырып, РУХАНИ КЕШ ұйымдастыратынын айтты. Көптен айтып жүрген "Құрсақ шашудың дастарxанын, сол руxани кештен кейін, біздің үйде, Ал ЫРЫМДАРЫН ғана медресе шәкірттерімен бірге бөлісеміз деп шештік. Себебі көңіл қызығар сыйлықтарды сол жерде таратып,әдемі тілектер Қазақтың салт дәстүрін дінмен байланыстыра отырып, өзімізше,білгенімізше насиxат жасау ойымызда болды. Намаз оқып, бетіңді мұсұлмандыққа бұру көңілсіз жүру емес шығар… Шәкірттердің көңілін бір сергітіп, олардың діни Білімімен сусындап, құлағымызды қыздардың сызылтып оқыған құранына қандырып, "Қарақаттың бағындай бақ қонсын"-деген оймен жасалған бұл шара, осыншама "Жүрекке тиіп" әртүрлі бұрмалауға түсіп, әңгіме болады деп кім ойлаған??? Мен "Өзім" барда, ХАЛЫҚТЫҢ алдында АҚТАЛУҒА, есеп беруге, міндеттімін деп санаймын. Ақталамында, Себебі мен Халықтан кішімін. Ал Қарақат менің Құдай қосқан көршім, сол жерде қуанышқа ортақтасқан жан ретінде, әріптес құрбысы ретінде Қарақатты да өз тарапымнан Халық алдында ақтауға тырысып отырмын. Аяғы ауыр әйелдің бір аяғы көрде,бір аяғы жерде… дейді, екен менің кешірімшіл Мұсұлман Халқым ҚАЗАҒЫМ!!! " — деп жазды әнші (жазба редакцияланбаған).


Соңғы жаңалықтар