Ақтөбе облысында 10-сыныптың оқушысы мектепте жүріп қайтыс болды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе облысында 10-сыныптың оқушысы мектепте жүріп қайтыс болды

Ақтөбе облысында 10-сыныптың оқушысы мектепте жүріп қайтыс болды

Шалқар қаласында жоғары класс оқушысы мектепте қайтыс болды. Марқұм қаладағы №8 орта мектептің 10 класында оқыған. 

  • 30 Қараша 2017
  • 306
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы керекинфо хабарлады.

Нақты деректерге қарағанда, аталған мектепте шара өтуге тиіс екен. Шара басталмай тұрып, аяқ киімін ауыстыру үшін арнайы бөлмеге кірген Жылқыбай Нағашыбайдың денсаулығы оқыстан нашарлап, талып қалған.
— Мектеп дәрігері алғашқы көмек көрсетіп, жедел жәрдем шақырыпты. Алайда олар келгенше, баланың жүрегі тоқтап қалған секілді. Нақты себебін басқа органдар анықтап жатқан шығар, ол жағын білмедік, — дейді аудандық білім бөлімінің қызметкері.
Ол оқушының оқу үлгерімі де, тәртібі де өте жақсы болған екен. Тек тұйықтау болыпты. Жақында ғана ата-анасы ажырасып, Жылқыбай әкесінің қасында қалыпты. Ал анасы басқа балаларымен бөлек кеткен екен.

Соңғы жаңалықтар