Жарияланды: 9600

Ақтөбеде мектеп алдында қара жамылып, намаз оқыған қыз-келіншектер елді шошытты

Ақтөбеде мектеп алдында қара жамылып, намаз оқыған қыз-келіншектер елді шошытты Сурет - әлеуметтік желіден алынды

Бұл сурет әдеттегідей әлеуметтік желі арқылы таралды. Ондағы көрініс шынымен де адам шошытарлықтай. Қап-қара кіиініп, бетіне дейін тұмшалап алған қыз-келіншектер білім ошағы алдында намаз оқып немесе жәй ғана сондай кейіп танытып тұр.

Бұл Ақтөбедегі №56 мектеп екен. Көп мәселе бойынша үн қатып жүрген белгілі қоғам белсендісі Айгүл Орынбек Фейсбуктегі парақшасында осы жайтқа қатысты да пікірін жариялады, деп хабарлайды Caravan.kz.

"Мынау не енді? Осындай көзбояушылық кімге керек? Мектептің алдында намаз оқып, кімге нені дəлелдемекші? Елімізді Сирияға айналдырмақшы ма? Неге тыныш жүрмейді? Қай ата-бабаң қара жамылған?
Министр Ермекбаев мырза еліміздің батыс жағын шұғыл қолға алуы керек! Мыналар жақсылыққа алып бармайды!
Депутаттар, мыналарға қарсы заң қайда?" депті А.Орынбек.

Закрыть