Ақтөбеде қыз алып қашқан жігіттер сотталып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде қыз алып қашқан жігіттер сотталып кетті

Ақтөбеде қыз алып қашқан жігіттер сотталып кетті

Ақтөбеде сүйіктісімен ұрысып қалып, танымайтын қызды алып қашқан Санат Өмірзақов Қылмыстық кодекстің «Адам ұрлау» бабы бойынша айыпты деп танылып, 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.Жеке меншігіндегі мүлкі тәркіленетін болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

  • 21 Шiлде 2017
  • 410
Фото - Caravan.kz

Ақтөбе қаласына келіп, сүйіктісін алып қашпақ болған Санат Өмірзақовқа қатысты қылмыстық іс туралы бұған дейін хабарланған болатын. Бүгінгі сот отырысында жарыссөз оқылып, Ақтөбе облысының прокуроры  Асылхан Сәрсенбаев сотталушы Санат Өмірзақовты  6 жыл бас бостандығынан айыруды сұрады. Ал қыз алып қашу ойын қолдап, досының жанында болған Алдаберген Жұмажановқа 6 жыл 6 ай жаза тағайындау қажет екені айтылды. Соңғы сөзінде Санат Өмірзақов «Бас бостандығымнан айырмауды сұраймын, басқа айтарым жоқ» деп қысқа қайырды. Ал А.Жұмажанов кешірім сұрап, өздеріне кешірім берген жәбірленушіге алғысын жеткізді.

Жәбірленуші де өзін алып қашып кетпек болған екі сотталушыға жеңіл жаза тағайындауды сұрап, кешірім берді. Судья Ерлан Бақытжан екі сағаттан соң үкім шығарып, Қылмыстық кодекстің «Адам ұрлау» бабы бойынша Санат Өмірзақов пен Алдаберген Жұмажанов айыпты деп танылды.

«С.Өмірзақовқа жеке меншіктегі мүлкі тәркіленіп, 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. А.Жұмажановқа жеке меншіктегі мүлкі тәркіленіп, 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын»,- деді судья Е.Бақытжан.


Сот үкімі шыққан соң жәбірленуші «Істі қайта қарауға болмай ма?» деп сұрады. Үкім заңды күшіне енген жоқ. Тараптар 15 күнде аппеляциялық шағым түсіре алады. 

 

Соңғы жаңалықтар