Атырау облысында ер адам әйелін зорлағаны үшін сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырау облысында ер адам әйелін зорлағаны үшін сотталды

Атырау облысында ер адам әйелін зорлағаны үшін сотталды

Өз әйелін зорлады деп айыпталған Атырау облысынның тұрғынына қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды "Ақ Жайық". Тер

  • 14 Қаңтар 2017
  • 2966
Фото - Caravan.kz

Өз әйелін зорлады деп айыпталған Атырау облысынның тұрғынына қатысты сот үкімі шықты, — деп хабарлайды "Ақ Жайық".

Тергеу мәліметі бойынша, 46 жастағы ер адам әйелін бірнеше рет зорлаған: Нәпсісінің жетегіндегі ер адам әйелінің қарсылығына бой бермеген. Әйелі шыдамай, полицияға арыз берген. Тағайындалған сараптама әйелдің сөзін растады. Ер адамға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабы ("Бірнеше рет жасалған сексуалды сипаттағы күш қолдану іс-әрекеттерi") бойынша қылмыстық іс қозғалған болатын.

Құрманғазы ауданының прокуроры Магилан Рахымов сот ер адамды кінәлі деп тауып, бес жылға шартты түрде бас бостандығынан айырғанын айтты. Жаза тағайындау кезінде ер адамның өкініш білдіруі, әйелінің кешірімі мен кәмелетке толмаған балаларының болуы ескерілген екен.


 

Соңғы жаңалықтар