Ауыл жұрты мал мен құстың қанын сорып кететін құбыжықтан үрейленіп отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+5 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ауыл жұрты мал мен құстың қанын сорып кететін құбыжықтан үрейленіп отыр

Ауыл жұрты мал мен құстың қанын сорып кететін құбыжықтан үрейленіп отыр

Алматы облысында үй құстары мен ұсақ малдарға қырғидай тиген құбыжық пайда болды. Тұрғындардың айтуынша, ол қой мен ешкіні тамақтап, тауықтардың қанын сорып кетеді екен. Мыңбаев ауылының қора-қопсысын ылаңдап жүрген қаңғыбас иттер болуы мүмкін. Арыз-шағым көбейген соң жергілікті әкімдік бұралқы иттердің көзін жоюға кірісіпті. Бірақ үй жануарларына шабуыл тиылар емес.

  • 17 Мамыр 2017
  • 6918
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Мыңбаев тұрғындарынан маза кеткелі үш ай. Жұмыртқасын сатып, етін азық қылып отырған үй құстарының өлексесін жинаудан шаршадық дейді олар. Белгісіз хайуандар қаз-үйректі тамақтап, қанын сорып кетеді екен.

Ал Тоқтар апайдың тауығымен қоса сауып отырған ешкілерін де өлтіріп кеткен. Бұл жолы да жыртқыш жемтігінің тек қанын сорып, денесіне тиіспепті.

"Үш лағы тығылып қалыпты. Жәй ешкі емес, сауын ешкілер" дейді Тоқтар апай.

Тұрғындар бұл қаңғыбас иттер болуы мүмкін дейді. Бірақ, түрлері ерекше көрінеді. Айтуыларынша, көздері қызыл, тұмсықтары үшкір. Олар жақындағанда өзге иттер үрмек түгілі қыңсылдап, үйшіктерінен шықпай қояды екен.  

"Осы иттерді ұстап алып кетсе бізге тыныш болар еді.  Балаларға шапса не істейміз?" дейді ауыл тұрғыны Гүлнар Тарыбаева.

Шошынған халыққа шенеуніктер учаскелік полицей мен мал дәрігеріне барыңдар депті. Ал ветеринар қан соратын ит болмайды деп қарап отыр.


"Тауықтардың мойнын бұраған, иттер олай мойын бұрамайды. Ит болса бір бірден алып кету керек" жергілікті мал дәрігері Дәулет Байсұлтанов.

Ауылдың тауығы мен мен қой-ешкісін қырып бара жатқан  ит емес десе де, жергілікті билік бір күнде иесіз жүрген 20 иттің көзін жойған. Бірақ мәселе бұнымен шешілген жоқ. Енді тұрғындар жұмбақ жануарды өз күштерімен анықтап көрмек. Бұл үшін қақпан құрып, түнімен кезектесіп қораны күзетіп жүр. 

Соңғы жаңалықтар