Сонымен қатар Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов болашақта қамауда ұстау мерзімін 72 сағаттан 48 сағатқа дейін азайтуды ұсынды. Заң жобасы қабылданса, қылмыстық сот ісі мен құқық қорғау қызметі жаңғыртылады деген жоспар бар.
Естеріңізге сала кетейік, Мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқықтық қорғау қызметінің процестік негіздерін жаңғырту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы таныстырылып жатыр.