Баян Есентаева тегін өзгертпейтін болды - kaz.caravan.kz
  • $ 439.43
  • 473.31
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
8 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Баян Есентаева тегін өзгертпейтін болды

Баян Есентаева тегін өзгертпейтін болды

Бұл туралы ол блогер Элвира Ерғалиеваға берген сұхбатында айтқан.

Блогердің инстаграм парақшасында Баян Мақсатқызымен болған видеосұхбат жарияланды. “Баян Мақсатқызы, жоқ, Баян Есентаева күйеуін кешіріп, əйелдердің құқығын қорғайтын ұйым ашу туралы идеясын

  • 22 Қазан 2016
  • 6164
Фото - Caravan.kz

Блогердің инстаграм парақшасында Баян Мақсатқызымен болған видеосұхбат жарияланды. “Баян Мақсатқызы, жоқ, Баян Есентаева күйеуін кешіріп, əйелдердің құқығын қорғайтын ұйым ашу туралы идеясын ұмытып кеткен жоқ. Əлі қолға алады. Айтпақшы, Баян ханым фамилиясын ауыстырмайды, “Есентай продакшн” да атын ауыстырмайды”, – деп жазды Ерғалиева өз парақшасына.

Бұдан өзге Баян Мақсатқызы күйеуін кешірудің өзіне қиынға соққанын айтып өтті. Мұны бірінші кезекте балалары үшін жасағанын да жасырмады. “Оның абақтыда отырғанына төрт ай болды. Меніңше, түрмеде бір күн отырудың өзі қиын”, – дейді ол. Баян ханымның бұл шешімін естіген жұрт шулаған-ды. Десе де, продюсер қандай жағдай болса да, өзінің шешімін өзгертпейтінін айтып өтті.


“Менен үлгі алғанды ешқашан қаламайтынмын. Мен қарапайым адаммын. Мұндай шешім қабылдап жатқанда адамдардың пікірлеріне сүйенгенім жоқ. Себебі, бұл менің отбасым, менің қарым-қатынастарым. Және экранның ар жағындағы ешбір адам менің өміріммен өмір сүрмейді”, – деп қорытты.

Соңғы жаңалықтар