Динара Сәтжан 88 миллион тұратын үйін әлі сата алмай жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Динара Сәтжан 88 миллион тұратын үйін әлі сата алмай жатыр

Динара Сәтжан 88 миллион тұратын үйін әлі сата алмай жатыр

Танымал тележүргізуші Динара Сәтжанның хан сарайындай үйін сатпақ болғаны туралы ақпарат құралдары жарыса жазған еді. Бірақ 88 миллион теңгеге бағаланған пентхаус әлі өз иесін тапқан жоқ. 

  • 21 Наурыз 2017
  • 1788
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы НТК телеарнасының «Ревью» бағдарламасында айтылды, деп хабарлайды News-24.kz.

Тележүргізушінің зәулім сарайына қызығушылар көп екен. Үйді сатып алмаса да, жәй көріп кету үшін келгісі келетіндердің де қатары мол.

Динара Сәтжанның 200 квадрат метрлі пентхаусын 88 миллион теңгеге сату туралы хабарламасы — Қазнеттің басты жаңалығына айналды. Ақпараттық порталдардың бәрі жарыса жазып, юзерлер тележүргізушіні мақтаншаққа балады.

Динара Сәтжан 88 млн тұратын сарайын тастап, қайда көшкелі жатыр? (фото)

Көпшіліктің бұлай назар тігуі орынды шығар. Себебі, Динара заманауи үлгіде жасақталған шаңырағын ел алдына шығарып, жарнаманы әлеуметтік желі арқылы жасаған тұңғыш медиа тұлға. Бойтұмарына айналған мекенімен қоштасуды ұйғарған тележүргізушіден қайда қоныс аударғалы жатқанын сұраған едік.

«Сұлулық салонымды Instagram арқылы жарнамалап, сатқан болатынмын. Неге үйімді де солай өткізбеске деп шештім. Расымен, сол постымнан кейін, пәтеріме қызығушылық танытқандар көбейді. Дегенмен, сатып алмақ болған кейіп танытып, шаңырағымды көргісі келетіндер де бар. Мен Астанада қаламын. Осыдан екі жыл алдын квадраты үлкен пентхаус сатып алғанмын. Сол жерге көшемін», — деді  тележүргізуші әрі  бизнесвуман Динара Сәтжан.


Динара Сәтжан 88 млн тұратын сарайын тастап, қайда көшкелі жатыр? (фото)

Соңғы жаңалықтар