Ерке Есмахан 40 миллионға жуық адам қараған "Қайда" бейнебаянының жалғасын шығарды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ерке Есмахан 40 миллионға жуық адам қараған  "Қайда" бейнебаянының жалғасын шығарды

Ерке Есмахан 40 миллионға жуық адам қараған "Қайда" бейнебаянының жалғасын шығарды

Ерке Есмахан тез арада танымал болған "Қайда" клипінің жалғасын шығарды. Кезекті ән "KZ жігіт" деп аталады және ол қ

  • 9 Қараша 2017
  • 2024
Фото - Caravan.kz

Ерке Есмахан тез арада танымал болған "Қайда" клипінің жалғасын шығарды. Кезекті ән "KZ жігіт" деп аталады және ол қазақ жігіттеріне арналған, деп хабарлады Caravan.kz медиа-порталы.

Жаңа әннің «Қайда» бейнебаянының жалғасы екенін сүйншілеп Ерке Есмаханның өзі де әлеуметтік желіге жазыпты.

"Ал, құтты болсын! "Қайданың" жалғасы шамамен табылды",- депті әнші желідегі жеке парақшасында.

Дегенмен, жаңа клиптің алдыңғы әні сияқты хит болатынына күмән келтіріп жатқандар бар. Кейбір көрермендер «Қайда» әні танымал болды екен деп жалғасын шығарудың не қажеті бар деген мағынада түрлі пікір қалдырған әлеуметтік желіде.

Еске салсақ, Ерке Есмаханның «Қайда» бейнебаянын бірнеше айдың ішінде 38 млн адам қараған.


Соңғы жаңалықтар