Мамин мен Исекешев "Әбу-Даби Плаза" құрылыс алаңында болды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мамин мен Исекешев "Әбу-Даби Плаза" құрылыс алаңында болды

Мамин мен Исекешев "Әбу-Даби Плаза" құрылыс алаңында болды

Бүгін ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин мен Астана әкімі Әсет Исекешев "Әбу-Даби Плаза" көпфункционалдық к

  • 14 Қаңтар 2017
  • 450
Фото - Caravan.kz

Бүгін ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин мен Астана әкімі Әсет Исекешев "Әбу-Даби Плаза" көпфункционалдық кешенінің құрылыс барысымен танысты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда сайтына сілтеме жасап.

Нысанды аралау кезінде құрылысшылар орындалып жатқан жұмыстардың деңгейі туралы баяндап берді. 

Сондай-ақ, бірнеше нысанның аяқталу мерзімдері туралы айтылды. Нақты айтқанда, "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесіне қарсы он төрт қабатты қонақ үй кешені және сауда орталығы тапсырылады. Ал жыл соңына дейін тағы 3 ғимарат пайдалануға беріледі. 

Еске салайық, "Әбу-Даби Плаза" кешені түрлі мақсаттағы блоктардан тұрады, олардың барлығы бірге көпфункционалдық биік ғимаратты құрайды. Атап айтқанда, онда кеңселер, қонақ үй, тұрғын үй кешені бар. Құрылыстың жалпы ауданы — 500 мың шаршы метрге жуық. Нысанда жұмыс істеп жатқан адам саны — 5000, соның 3347-сі — жергілікті мамандар.


 

Соңғы жаңалықтар