Жарияланды: 31 15800

"Немерелерім шетелде оқиды. Олар біздің тірі екенімізді білмейтін де шығар..." - қалтасы қалың ұлдары қарамай қойған кейуана

"Немерелерім шетелде оқиды. Олар біздің тірі екенімізді білмейтін де шығар..." - қалтасы қалың ұлдары қарамай қойған кейуана

Бұл - Алматыда тұратын 81 жастағы әжейдің басынан өткен жағдай. Оқыған адам көзіне еріксіз жас алады.

Бұл оқиғаны белгілі журналист Жәзира Бегалы өзінің Фейсбуктегі парақшасында жазыпты. Осындай жан тебірентер жазбаны Caravan.kz медиа-порталына жарияламай отыра алмадық. 

Бүгін бір қарияның əңгімесін тыңдап едім. Енді ұйқым қашты. Əженің бір қолында азық-түлікке толы пакет, екінші қолында таяғы. Базар жақтан келеді. Көмектесейін деп едім, қаламады. 81 жаста. Шалы екеуі ғана тұрады. Қалт-құлт етіп, базарға азық-түлікке келеді екен. Үйінің қасындағы дүкенде тауар қымбат дейді. Зейнетақысын үнемдейді. Баяғыда дəу апам бала тумаған көрші əжені "сағыр кемпірдің " сыбағасын апарып беріңдер деп, мал сойғанда ет беріп жіберетін еді. Алматылық əжені көріп, сол кемпірдің есіме түскені. Сөйтсем, қарияның екі ұлы бар, алыста емес осы Алматыда тұрады. Екеуінің отбасы, баспанасы бар, бақуатты тұрады екен. Екеуі де ата-анасын үйіне кіргізбейді, жағдайын сұрап келмейді. Ана ғой, жүзі жабырқап тұр. Ұлдарын сағыныпты. 
- 10 жыл бұрын қонаққа барғанда 3 жастағы немеремнің бетінен сүйген едім. Келінім "баланы сүймеңіз, микроб жұқтырасыз" деп, баж етті. Ұлым үндеген жоқ. Немеремді жұлқып , бетіңді сабындап жуу деп бақырды. Мен аузымды ашып үлгермедім. Шал кеттік деп, екеуміз ұлымның үйінен жау қуғандай шығып кеттік. Содан кейін келіннің жүзін де, немерелерімді де көрмедім. Екінші келіннің де көңіл-күйі Алматының ауа райы сияқты мың құбылады. Ұлдарымның жұмыстан уақыты болмайды. Өздері орталықта биік үйде тұрады. Оларды қатты сағынғанда өзім хабарласамын. Екеуі бақытты болсын. Немерелерім шетелде оқиды. Олар біздің тірі екенімізді білмейтін де шығар. Шал екеуміздің бір аяғымыз көрде ғой, аман болсын, - деп аққұба жүзін əжім торлаған қарт ана ақсаңдап кетіп қалды. 
Сүйікті жарының ата-анасын сыйламаған əйел баласын қалай тəрбиелеп жатыр? Келін кінəлі ме? Ендеше ұлдары неге іздемейді? Əже менің көмектескенімді неге қаламады? Сан сауалға жауап іздеп, үйге қарай асығып кеттім.

Пікір қалдырыңыз

Қонақ 4 мая

Атаңа не қылсаң,алдыңа сол келеді деген бар,басына түскенде білер..!

Қонақ 5 мая

👍👍👍

Қонақ 4 мая

Еее,ондайлар ерте ме! кеш пе картаяды гой. Сонда балдары солай тастап кетеди. Ата-ананын конилин калдыруга болмайды. Окиништи. Бирак казиргилер ата-анасын карттар уйине де берип жатады гой. Тусинбесе журе берсин байлык ата анадан артык болганы гой.😢😢😪😪😞😞😞😞

Қонақ 4 мая

Ондай балдардың малдан айырмашылығы шамалы ақ.

Қонақ 4 мая

Баласында сана жоқ-ау! Əйелге ие бола алмаған еркек, еркек пе? Дұрыстап отбасының мәселесін шешпей ме! Екеуіне не жетпейтінін анықтап, татулық орнатпай ма! Екеуіне жақын сол еркек қой!

Қонақ 4 мая

Ата ананы ренжиткен бала ол ешкашан онбайды. Ерте ме кешпе алдына келеди. Ак сут берген ари жат. Паленшени берген бери жат болып отыр. Бул жерде айел мойын болып отыр ал бала бас. Мойын кай жакка бурады басыда сол жакка бурылады. Жаннаттин килти ананнын табан астында дейди. Ал егерде сол кариялар омирден кетсе. Сол карамаган улы мен келини жетип келеди бир омир баки соларды баккан адам секилди. Окинеди. Бирак оте кеш болады. Сол кисилердин аркасында жер басып жургендери. Куйдирмеди жандырмады аш кылмады. Сондыктан енди балардын кезеги емеспе сол ананмен акене нан шайнап беретин.

Қонақ 4 мая

Шет елде окып жаткан немерелери айедеримен коса осы ата-ажеге аке-шешелеринин истегенин истесе екен

Қонақ 4 мая

Оралма оралман надан деп шеттетесіңдер қалпақтан келген келіндерден тәрбие алсын қытай манголда келіндері тек ата ана күтүге арналғандай үлкендерге салем беріп қайын жүртының есімін атамайды келесі келін түскенше бөлек уйге шықпайды келін келін атына сай ғой

Қонақ 4 мая

Ерін сүйген əйел оның ата анасын сыйлауы парыз . Атаңа не істесең алдыңа сол келеді деген ата бабаларымыз сол келіңнің əке шешесі бар шығар оларда сондай күн кешсе өзі қалай қарайды екен

Қонақ 4 мая

Келіндердіңата аналары жоқ па екен олар құда құдағиын іздемет масұраса ұлы не дер екенинкубатордан шықтым деи ма оңбағандар ай ана сексендегі кемпірге қазан аяқты жағалау оңай емес қой кір жуу деген алла алдарына келтірсін

Қонақ 4 мая

Онбаган оздери кария болмай ма кудай алдарына келтирсин сонда бармак тистейди

Қонақ 4 мая

Онбаган оздери кария болмай ма кудай алдарына келтирсин сонда бармак тистейди

Қонақ 4 мая

Онбаган оздери кария болмай ма кудай алдарына келтирсин сонда бармак тистейди

Қонақ 4 мая

Онбаган оздери кария болмай ма кудай алдарына келтирсин сонда бармак тистейди

балдарынын келиндеоинин алдына келсин 4 мая

Балдарынын келиндеринин алдына келеди асыкпасын

Қонақ 4 мая

Онбаган оздери кария болмай ма кудай алдарына келтирсин сонда бармак тистейди

Қонақ 4 мая

Онбаган оздери кария болмай ма кудай алдарына келтирсин сонда бармак тистейди

Қонақ 5 мая

Кинали кемпир-шалдын ози, тарбиени дурыс бермеген балдарына.. енди сонын жазасын тартып отыр. Ешкимнин басына бермесин. Коп адамдар ул-кызынын шетел асып окыганын, бирнеше тилде сайрап сойлегенине масайрап маз.. мине соны..олардан баска не кутесин?.. Олар тек жеке басын ойлайтын эгоисттер болады. Сондыктан "не екесен, соны орасын" дн макал бар.

Қонақ 5 мая

Кинали кемпир-шалдын ози, тарбиени дурыс бермеген балдарына.. енди сонын жазасын тартып отыр. Ешкимнин басына бермесин. Коп адамдар ул-кызынын шетел асып окыганын, бирнеше тилде сайрап сойлегенине масайрап маз.. мине соны..олардан баска не кутесин?.. Олар тек жеке басын ойлайтын эгоисттер болады. Сондыктан "не екесен, соны орасын" дн макал бар.

Қонақ 5 мая

Келініне оқу өтіп кеткен шығар.

Өзінің басына келмесіне кім кепіл.

Қонақ 5 мая

ата ана деген сенің қамқоршың емеспе.ертең ата анаға не істесең сол басыңа келеді.сол кезде бармақ тістейтін боладыда.Е қайдам ондайлар ата ананың қадірін түсінбейді ау.Балдары өзі сияқты болғанда ойлануы мүмкін.

Қонақ 5 мая

Бір қатынына шамасы келмеген еркек еркек емес ЕЗ!!!

Қонақ 5 мая

Жалпы балаға дұрыс тəрбие беру керек ,не ексең соны орасын демей ма? Не жақсы не жаман,үлкенді сыйлау,үйге қолғабыс жасау;көршімен амандасу,жаман сөз айтбау т.с сияқты сонда жақсы болмаса онда əңгіме басқа

Қонақ 5 мая

Кай ата ана баласына жаман бол деп уйретеди, ата анасы баласынын жаксы болганын калайды.Бала бизден туганмен ,акыл оздеринен туады.Олардын Алла санасына бермесе кайтесин? Дуниенин кезек екенин кайдан билсин. Биреулер сол ата анага зар болып жур.Баласы аке шешесинин халин билмеседе касындагы айели ушин кайын журтынын жагдайын билип турган болар.Атананын зары жибермейди ,туби Алланын алдында жазаларын алары хак.

Қонақ 5 мая

Ата анаңа неі істесең алдыңа сол келер бір күніі келін мен балағада қарттық келер ұлдары ер емес ез екен неге ұлдар ата анасыні іздемеске

Қонақ 7 мая

Алла ол бала мен келінңің жазасын берсін .

Қонақ 7 мая

ӨМІР ӨЗЕН АҒЫСЫ КЕЛЕР БІР КҮН ОЛАРҒА ДА. САҒАН ӨМІР СИЛАҒАН АТА АНАҢДЫ ҚАНДАЙ ЖАҒДАЙ БОЛСА ДА ДАЛАҒА ТАСТАУҒА ҚАҚЫҢ ЖОҚ АЮАН!

Қонақ 10 мая

Ата Анасын силамағандарды қартайғанда балаларыда силамайтын болады. Дүнйе кезек деген сол.

Қонақ 24 мая

Журегинде иманы жок сорлы балалар пейиштен оздери бас тартып отыр гой айел бас еркек мойын болатын заманга жетемиз деп ким ойлаган акырын кормейди булар

Қонақ 26 мая

Осындай енелер мынауский келін алады,өздерінің қандай келін болғанынын ұмытып та кетеді

Қонақ 27 мая

Канша жерден не десек те Айел билеген "акырзаман" осы шыгар, балкiм. Келiннiн ата-анасы дурыс емес шыгар, сipa. Немесе ол кiciлер куда-кудагиларынын жагдайынан бейхабар болуы да мумкiн.

Негiзi келiн ешкашан торкiнiне "куйеyiн, ата-енесiн т.б. келiн боп тускен журтын" жамандамау керек. Ал, отipiк-шынды жамандай берсе, келiннiн аке-шешесiнiн абден конiлi калады, сосын араласпайды. Мумкiн бар кiна келiнде шыгар "кос уйдi коса кондырмай" отырган. Абысындар бipiнен-бipi улгi алады. Келiндердiн ен болмаса бipeyiнiн илiкпеуi cодан.

[X]