Нөмірдің орнына ALMAZ деген жазу таққан көлік жүргізушісі орағытып жүріп, өзгелердің ашуын тудырды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нөмірдің орнына ALMAZ деген жазу таққан көлік жүргізушісі орағытып жүріп, өзгелердің ашуын тудырды

Нөмірдің орнына ALMAZ деген жазу таққан көлік жүргізушісі орағытып жүріп, өзгелердің ашуын тудырды

Алматының қақ ортасында кешкі уақытта нөмірдің орнына ALMAZ деген жазу таққан Toyota Land Cruiser мен мүлдем нөмір тақпаған Lexus жүргізушілері ережені бұзып, өзге көліктердің алдын кесіп, ойқастап жүрді.

  • 12 Қаңтар 2017
  • 4025
Фото - Caravan.kz

Осы оқиғаның видеосын Tengrinews.kz редакциясына куәгер жолдапты.  

"Біз Абай даңғылымен келе жатқанбыз. Сейфуллиннен Розыбакиевке дейін оларды артынан бақылап отырдық. Сосын олар ары қарай кетті. Басында бұлар алда кетіп бара жатқан көліктің алдын кесті. Біз тешегішті басып, сәл тұрып қалдық. Одан кейін джип автобустың жолына түсіп алып ызғыды. Өйткені шамалы кептеліс бар еді. Бір кезде ол бірден сол жақтағы ең шеткі жолаққа ауысып алды. Артынан келе жатқан барлық көліктердің жүргізушілері осының кесірінен бірден тежегішін басуға мәжбүр болды" дейді оқиға куәгері. 


Соңғы жаңалықтар