Оғыз деп алғаш ат қойылған балаға стипендия беріп, оқытамын - ұшақта қазақ тілі үшін шу шығарған Түркия азаматы - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оғыз деп алғаш ат қойылған балаға стипендия беріп, оқытамын - ұшақта қазақ тілі үшін шу шығарған Түркия азаматы

Оғыз деп алғаш ат қойылған балаға стипендия беріп, оқытамын - ұшақта қазақ тілі үшін шу шығарған Түркия азаматы

Түркияда шығатын "Қазақ елі" журналының Қырғызстандағы тілшісі Оғыз Доған "Эйр Астана" компаниясының ұшағындағы стюардесса қазақша сөйлемегені үшін шу шығаруымен танылған еді. Артынан оған бұл әрекеті үшін 6800 теңге айыппұл салынды. 

  • 25 Тамыз 2017
  • 4466
Фото - Caravan.kz

Енді Оғыз Доған Фейсбуктегі парақшасына ерекше бір жазба жариялады, деп хабарлайды Caravan.kz.

"Ата-аналарға хабарландыру! "Оғыз" деп ат қойылатын алғашқы балаға өмір бойы стипендия беріп, өзім оқытатын боламын!" деп жазды ол.

Оғыз Доғанның Фейсбуктегі жазбасыОғыз Доғанның Фейсбуктегі жазбасы

Бұл хабарландыруға біреулер шынымен де үміт артып қараса, енді біреулер түрік журналисінің мұнысына налып отыр. Олар мұндай мәлімдемені тым ерсі санайды.


Естеріңізге салсақ, кеше ғана Оғыз Доған қазақ тіліне қатысты даудан кейін “Эйр Астананың” күрт өзгергенін айтқан еді.

Соңғы жаңалықтар